Онлайн газет



КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімдігі жанындағы арнайы мониторингтік топтың басшысы, аудандық медиаторлар мен психологтар қауымдастығының төрайымы Ғайни Көшекбаева басшылық ететін топ мүшелері іс-жоспарға сәйкес, Ботамойнақ ауылдық округіндегі бірқатар білім ошақтары мен балабақшаларына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында, С.Абланов атындағы орта мектептің асханасында жеке гигиеналық заттар - сабын, сүлгі, қоқыс жәшіктерінің қойылмағаны, бірнеше оқу кабинеттерінде сырт киім ілгіштері орнатылмағандығы анықталды. Сондай-ақ, асхана қоймасында азық-түліктерді бөлек-бөлек сақтайтын контейнерлер қарастырылмаған болып шықты.
№ 4 лицейде жас өскіндер тамақтанатын залда қол жуатын құралдары сынық, қоқыс жәшіктері орнатылмаған екен. Асхана қоймасына жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталмағандығы,  мектеп маңындағы ойын алаңында әткеншектер мен жарық шамдарының толық орнатылмағандығы да назардан тыс қалмады.


Одан әрі зерделеу жұмыстары «Botamoinag» шағын орталығында жалғасты. Мұнда бүлдіршіндерге  барлық жағдай жасалғанымен, балалар тағамына қосуға тыйым салынған  кейбір   азықтардың қолданылатындығы белгілі болды. «Салтанат» балабақшасында  ас мәзірінің сапасы мен тазалық деңгейі бекітілген стандарттарға сай болып шықты.
Жоғарыда аталған білім ошақтары мен балабақшалардың басшыларына анықталған кемшіліктермен жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Гүлжан Русланқызы.

Обновлено 14.10.2019 10:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін107
mod_vvisit_counterКеше687
mod_vvisit_counterОсы аптада2900
mod_vvisit_counterӨткен аптада2719
mod_vvisit_counterОсы айда7626
mod_vvisit_counterӨткен айда17261
mod_vvisit_counterБәрі1108986

Серіктестер