Онлайн газет



ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ЕР МІНДЕТІ

Ағымдағы жылғы  1-ші қыркүйектен бастап еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы және міндеті» деп белгіленген. Өз борышын өтейміз деушілер медициналық, психологиялық тексерістен өтіп, физикалық жағдайы сыналады. Сондай-ақ, әскер қатарына қабылдау талаптары да күшейтілді.

Жас жігіттерді Отан алдындағы борышын өтеуге жібермес бұрын, олардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі мен моральдық-психологиялық тұрақтылығы қатаң тексеріледі. Әскерге жарамды ма, жарамсыз ба оны дәрігерлер анықтайды. Әскер түрлері мен құрылымдарына бөлу, шақыру комиссиясының шешімімен жүргізіледі. Бірінші кезекте азаматтардың мамандығы мен денсаулық жағдайына көңіл бөлінеді.
Егер  борышын өтеуден себепсіз бас тартатындар болса, заң алдында жауап береді. Әскери шақыртудан жалтарғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылады немесе мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал егер  бозбала өзінің денсаулығына қасақана зиян келтіріп, ауруын сылтауратып, жалған құжат жасататын болса үш жылға сотталады.
Әскери борышты өтеу, Отанды қорғау-әр жастың міндеті.

Көпбосын Нурдинов,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, полковник.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1851
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5992
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31559
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202289

Серіктестер