Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАЙЫҚ

Міне, жадыраған жаз айлары да өте шығып, жанымызға жылылық ұялатқан шуақты мезгіл алтын күзге ұласты. Жасыл желектер сарғыш тартып, жердің бетіне қызғылт-сары кілем болып төселуде. 

Аудан әкімінің «Қоғамдық орындарды абаттандыру көгалдандыру, көгеріштендіру және санитариялық тазалықтың екі айлығын» өткізу туралы Қаулысына сәйкес  аудан орталығы мен ауылдық округтерде  әр аптаның сенбісінде  сенбіліктер ұйымдастырылуда.
Сенбілік аясында жиналып қалған күл-қоқыстар шығарылып, тал-дарақтар әктеліп, сынған, қураған  ағаш бұтақтары реттелуде.
«Денсаулық – зор байлық» деп жатамыз. Сол байлықты сақтау үшін алдымен тазалықтың қажеттігін естен шығарып аламыз.  Тазалық әр адамның өзінен басталса, әр үйдің ауласынан, әр көшенің бойынан, әр мекеменің айналасынан, әр ауылдың маңайынан басталуы керек. Күнделікті айтып, бұқаралық ақпарат құралдарында тазалыққа қатысты мақалалар жарияланғанына қарамастан  әр ауылдың маңында апаттық күл-қоқыс тастау орны, әрбір мекемеде өздерінің санитарлық талаптарға сай әжетханасымен бірге, күл-қоқыс тастау (контейнер) орындары орналастырылғаны анықталуда. Сондай-ақ, көше бойына тасталынған құрылыс заттары да аудан орталығы мен елдімекендердің көркін бұзуда. Тазалық жұмыстарын жүргізген кезде ағаш жапырақтарын өртеуге болмайды. Өйткені  бықсып жатқан  ылғалды жапы­рақтардың түтіні ауаны ластап, атмос­ферадағы оттегі мөлшерін азайтады.
Бүгінгі таңда аудан орталығы Сарыкемер ауылымен қатар 18 ауылдық округтердің орталықтарын көріктендіру, абаттандыру мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Көшелер жөнделіп, тал-дарақтар егілуде. Ендігі жерде  ауданның әр азаматы өз ауласы ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, аудан аумағында өткеріліп жатқан сенбіліктерге белсене қатысып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Кез келген ауылдың тазалық көрсеткiшi сол өңір тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi.

Салтанат Манашова,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1612
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5753
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31320
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202050

Серіктестер