Онлайн газет



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Ағымдағы жылдың басынан жолаушыларды тасымалдайтын автокөліктердің қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 18 адам қаза болып, 98 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны +38,1 пайызға (21-ден 29), қайтыс болғандар +50 пайызға (12-ден 18), ал жарақат алғандар саны +117,8 (45-тен 98) өсіп отыр.
Осыған байланысты, көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті

арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында аудан аумағында 2019 жылдың 10-17 қазаны  аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы  өткізілуде.
Бүгінгі таңда, аудан аумағында қоғамдық көлік және жолаушы тасымалдау көліктерінің жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, ауызша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ,автокөлік қозғалысының ықтимал жасырын бағыттарын анықтау  мақсатында Көліктік бақылау басқармасы өкілдерінің қатысуымен мобильді топтар құрылды.
Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторлары және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың белсенді қатысуымен ауылдық жерлерде жол қозғалысын қадағалауды күшейту  шаралары қолға алынып, жаяу жүргінші тарапынан жол қауіпсіздігі ережесін бұзғандарға әкімшілік хаттамалар толтырылуда.

 

Нұрлан Сыздықов,
полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастыру - аналитикалық тобының аға инспекторы, полиция майоры.

Обновлено 14.10.2019 10:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1106
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5247
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30814
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201544

Серіктестер