Онлайн газет



АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Кеше ауданның көпбалалы аналары лайықты марапаттарға ие болды. Аудандық  әкімдікте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттау рәсімінде  алқа иелерін  аудан әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады.

Нұржан Молдиярұлы жалпы әйелдер қауымының, соның ішінде, аналардың ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдағы рөлін атап өтіп, оларға ізгі тілегін жеткізді.  Аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов те алтын құрсақты аналардың еліміздің демографиясына өз үлестерін қосып отырғанын атап өтіп, марапаттарымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен көпбалалы аналар арасында Гульнур Усипбаева «Алтын алқа» иегері атанса, алты құрсақ көтерген Индира Абдралина, Буриджамол Махмадмуродова, Канат Пармешова, Амангул Сеитова, Гульмира Тулегенова, Венера Чакиева «Күміс алқамен» марапатталды.
Өз кезегінде аналар  аудан  әкімдігі тарапынан мұндай құрмет көрсетілгеніне ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.
Қазіргі күні, ауданда  төрт баладан жоғары 2124 көпбалалы ана тұрады. Олардың  арасында 665 ана «Алтын алқа» және 1240-ы «Күміс алқа» иегерлері.
Айта кетейік, 2010 жылдан бастап «Алтын алқа» марапаты  жеті бала, ал «Күміс алқа» атағы 6 бала тәрбиелеп отырған аналарға беріліп келеді. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан әйелдерінің V форумында жарияланған болатын.

Нұрбек СҮГІРБЕКОВ.

Обновлено 09.10.2019 11:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін42
mod_vvisit_counterКеше767
mod_vvisit_counterОсы аптада1182
mod_vvisit_counterӨткен аптада2490
mod_vvisit_counterОсы айда6055
mod_vvisit_counterӨткен айда16610
mod_vvisit_counterБәрі1056955

Серіктестер