Онлайн газет



БАЛА ТӘРБИЕСІ – ҰЛЫ ШАРУА

Кеше аудандық әкімдіктің мәжілістер залында  «Nur Otan»  партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшесі, топ жетекшісі Рысты Жұмабекова аудан белсенділері, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және мектеп директорлары, балабақша меңгерушілерімен кездесті.

Кездесу барысында Рысты Жұмабекова балалар құқы мен заңды мүддесін қорғау жөніндегі республикалық жұмыс тобы 12 облыста болып, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын аралап, онда атқарылған жұмыстардың барысымен танысқандығын жеткізді.
Іссапарын Үлгілі ауылдық әкімшілігінде, білім ошағында, ауылдық дәрігерлік амбулаториясында бастаған  топ  жетекшісі Үлгілі  орта мектебінде орын алған кемшілікті сынға алды. Одан ары аудан орталығындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясында, “Астана” балалар бақшасында, партияның аудандық филиалында болған Рысты Маговьяновна бала тәрбиесінде ата-ананың, ұстаздың жауапкершілігі жөніндегі ойымен бөлісті.


Сонымен қатар, ол бала құқығын қорғау жөнінде елімізде қабылданған, іс жүзінде қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтып, бала мен ата-ананың жауапкершілігін  көтеру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, заңды бұзғандарды жауапкершілікке тарту, суицидтің зардабын мысалдарға сүйене отырып жеткізді. Қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берудің өзектілігін сөз етіп, көпбалалы аналар мен көмекке мұқтаж отбасының, жетімдер, толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың құқығын қорғау, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру,  жалпы бала тәрбиесі - ұлы шаруа екендігін атап өтті. Жиналғандарды бұл бағыттағы жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Жиында аудан әкімі Нұржан Нұржігітов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ғибратты сөзге сүйене отырып, бала құқығы мен заңды мүддесін қорғаудың маңызына екпін салды. Аудан халқының  жылдан жылға өсіп, бүгінде 107 мыңға жеткендігін, білім ошақтарында құрылып, жұмыс жасап жатқан қамқоршылық кеңестің жұмысынан қысқаша ақпарат бере келе, көтерілген мәселе бойынша көпшіліктің ұсыныс-пікірлері жазбаша түрде жинақталып, жұмыс тобына ұсынылатындығын жеткізді.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 09.10.2019 11:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін452
mod_vvisit_counterКеше675
mod_vvisit_counterОсы аптада2849
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда8363
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1091900

Серіктестер