Онлайн газет



ОТЫРЫСТА - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Апта басында іссапармен ауданымызға келген Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өзіндік қауіпсіздік тобы мен “ӨСжАҚЖҚ” кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Онда күн тәртібіне тоғыз мәселе шығарылды.

Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты алдымен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Алмаз Джуматаев сөз алып, басқосудың маңыздылығын алға тарта отырып, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметіне және заң бұзушылықтар бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге, Алмаз Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында тәртіпті бұзу фактілері бойынша шолумен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауынан туындайтын міндеттер тұрғысында жалғастырды.
Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дидар Сағынов облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасынан келген хат мәтінімен таныстырып, Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Е.Анарбектің сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша хабардар етіп, жеке құраммен осы тақырыпта сұхбат жүргізді. Ал, прокуратура мен аудандық полиция бөлімінің өкілдері аудан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық фактілер мен статистика, жол жүру ережелеріне байланысты жеке құрамға қызметте және қызметтен тыс уақытта заңдылықты сақтауға шақырды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті “ӨСжАҚЖҚ” кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мадина Гарифова мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, оның ішінде, қызмет атқару барысындағы және қызметтен тыс уақыттағы бейнесі туралы сөз қозғап, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің арасында алкогольдік және есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу және гарнизон бойынша тоғыз айдың ішінде тіркелген фактілерге қатысты деректерді келтірді.
“Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова мен “Атамекен” Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Байзақ ауданындағы филиалының директоры Мейіржан Садықов қоғам алдында өрт сөндіру қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалап, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі инспекторларының тексеру кезінде сыбайлас жемқорлық оқиғаларына жол бермеуге шақырды. Сондай-ақ, жүз мыңнан астам тұрғыны бар аудан үшін бөлім қызметкерлерінің саны штаттық нормаға сәйкес келмейтінін, олардың әлеуметтік мәселелеріне мән беру туралы ұсыныстарын білдірді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ы филиалы Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Байзақ аудандық бөлімі реттеу зал бастығының орынбасары Сәуле Ермекова бүгінгі таңдағы орталықтың қызметі туралы сөз қозғаса, аудандық емхананың психологы Ақшолпан Жантаева өзіне өзі қол жұмсау бағытындағы ойымен бөлісті. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Болат Амиралиев пен аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Шынболат Азимбаев өз салаларына қатысты мәліметтерді ортаға салды.
Маңызды басқосу соңынан күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 09.10.2019 10:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін47
mod_vvisit_counterКеше767
mod_vvisit_counterОсы аптада1187
mod_vvisit_counterӨткен аптада2490
mod_vvisit_counterОсы айда6060
mod_vvisit_counterӨткен айда16610
mod_vvisit_counterБәрі1056960

Серіктестер