Онлайн газет



МҰҒАЛІМНІҢ ЕҢБЕГІН ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАУ – ӨТЕ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Аға ұрпақтың өнегесі, жұмысшының еңбегі, ұстаздардың әлеуметтік - құқықтық қорғалуы – кәсіподақтың назарында. Осы орайда, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Байзақ аудандық комитеті филиалының төрағасы Елнұрбек Ермековпен жүргізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- Елнұрбек Сайланбекұлы, биылдан бастап кәсіби мерекелер тізіміне енген төл мереке құтты болсын!
- Рахмет. Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырындағы №303 қаулысы нормативтік – құқықтық актілердің ақпараттық – құқықтық жүйесінде «10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күні» деп жарияланды. Кез келген кәсіптік одақтың күш-қуаты, оның бастауыш ұйымдарының қандай болуына, әрбір еңбекшінің құқықтары мен мүдделерін тиімді де белсенді түрде қорғалуын қамтамасыз етуіне тікелей байланысты. Осыған орай, 74 бастауыш ұйымнан тұратын 5 184 кәсіподақ мүшелерін айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

- Енді ұстаздар қауымына қатысты Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер тұрғысында сөз қозғасақ?
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы мен Тәуелсіздік сарайында өткен білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясында да білім беру саласына байланысты мәлімдемелер жасады. 
Жолдауда ол әлеуметтік салаға баса мән беру қажеттілігін алға тарта, білім беру сапасын жақсартуға назар аударды. Мамандар даярлаудың отандық жүйесі, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы, ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқулық сапасының төмендігі, ғылым саласындағы ахуалға ерекше назар аудару керектігіне тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. Сондықтан, мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз," - деді.
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтардың жоғары мәртебесіне іс жүзінде жетуіміз қажет. "Педагогтар мәртебесі туралы" заң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл дегеніміз – мұғалімдердің жүктемесін азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау және материалдық кепілдіктер. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – сыныпқа жетекшілік еткені және дәптерлерді тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы төлеу, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін ұзарту, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы және тағы басқалар". Ағылшын тілін 2-3-сыныптардан бастап оқыту орынды. "Үш тілде білім беру жүйесін енгізу күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл өте маңызды. "Әрбір халықтың ана тілі – білімнің кілті", - дейді академик Ахмет Жұбанов. Сол сөз біз үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс", - деген еді Мемлекет басшысы. Сол себепті біздің кәсіптік одақ комитеті үшін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет болып қала бермек.

- Бүгінде елімізде кәсіподақтар қызметіне тікелей әсер ететін өзгерістер орын алуда. Өзіңіз жетекшілік ететін филиал қызметі жөнінде айтып өтсеңіз?
- Еңбек қоғамында еңбек қатынастарының жоғарғы эталонды болуы да мемлекетіміздің зайырлығының белгісі. Еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, ұжымдық шартта көрсетілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынас.
Аудандық кәсіподақ комитетінің негізгі қызметі - білім беру қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жақсы жұмыс  істеуіне, тұрмыс жағдайын жақсартуға, демалдыру мен сауықтыруға, ұжымдық шарттар жасап, олардың орындалуына қоғамдық бақылау жасауға, еңбек заңдылықтары мен техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптарына қоғамдық бақылау жүргізу, тәртіпті нығайту болып табылады.
Кәсіптік одақтар – еліміздегі кеңестік дәуірді қамтыған ғасырдан аса тарихы бар жалғыз қоғамдық бірлестік. Сол үшін де бізге санамызды жаңғырту туралы терең ойланып, пәрменді әрекет ету керек. Бұл ретте кәсіподақтардың жаңғыруы қысқа мерзімді процесс емес, керісінше, қоғамдық институт ретінде сыртқы ортаның өзгеру қарқыны мен динамикасына және кәсіподақ қозғалысының қарпайым мүшелерінің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес тұрақты жаңарып отыруы тиіс.

- Кәсіподақтың ерекше басымдық беретін жұмыс бағытының бірі - әлеуметтік әріптестік екені белгілі. Бұл ретте жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мүдделерін бір арнаға тоғыстырудың тиімді нысандарын іздеудегі жұмыстар жүргізілуде ме?
- Жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы әлеуметтік әріптестік бойынша еңбек қатынастарын реттейтін негізді құралдың бірі - ұжымдық шарт. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, әлеуметтік әріптестік жөніндегі Ұжымдық шартты тең құқылық негізінде жасалатындығы белгіленген. Ұжымдық шарт жұмыс берушілердің шынайы, яғни, орындалуы қажет қамтамасыз етілетін міндеттемелер алуын, еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеудегі олқылықтарды мейлінше жедел және тиімді түрде жоюды қамтамасыз етуде. Ұжымдық шарттың  ережелері мен шарттарын мониторинг жүргізуді Кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекциясының мамандары жүргізіп келеді.
Аудан әкімдігінің білім бөлімі мен білім беру қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік жөніндегі Ұжымдық шарт міндеттері уақытылы орындалуда.
Еңбек инспекторы кәсіподақ мүшелерімен әрдайым тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, өтініштерді қарап, заңнама талаптарына сәйкес уақытылы түсіндірме жауаптар беруде. Әрбір туындаған өзекті мәселелер дер кезінде назарға алынып, оларды шешу мақсатында тиісті шаралар жүргізеді. Нәтижесінде барлық кәсіподақ мүшелері тегін құқықтық қорғау мен заңгерлік кеңес алуға мүмкіншіліктері бар және ондай көмек тек қана еңбек қатынастарға ғана емес, басқа да өмірде туындаған мәселелерге қатысты беріліп отыр.
Ағымдағы жылда сала өкілдері - кәсіподақ мүшелерінен жазбаша 45 арыз-өтініштер келіп түскен. Сонымен қатар, педагогикалық және кіші қызметкерлер мен мекеме басшыларына ауызша және жеке сұрақтары бойынша 811 құқықтық кеңестер берілсе, 45 жазбаша өтініштер қанағаттандырылды. Кәсіподақтың құқықтық инспекторымен ағымдағы жылы кәсіподақ мүшелерінің пайдасына 19 млн. 911 мың 990 теңге көлемінде кәсіподақ мүшелерінің пайдасына экономикалық эффект келтірілді.
Білім бөлімінің тарапынан өткізілетін басшылық бос орындарға конкурс бойынша таңдау, мұғалімдердің біліктілік санаттарын белгілеу, келісу комиссиясы,  әлеуметтік әріптестік туралы екіжақты комиссиясы, пән кәбинеттерін аттестаттау, тарификациялау комиссиясы жұмысы, әлеуметтік маңызы бар арыз-шағымдарды қарау, тағы басқа комиссиялардың құрамында кәсіподақ өкілдерінің болуы - әлеуметтік әріптестіктің шынайы белгісі болып саналады.
Биылғы жылы іс-сапар шығындарына, айлық жалақыға қарыздар жоқ, уақтылы, толық көлемде төленуде, тегін дәрігерлік тексеруден өткізу үшін 3 млн. 372 мың 200 теңге, медбикелерге, тәрбиеші көмекшілеріне және зиянды жағдайда жұмыс атқаратын қызметкерлерге 30 пайыз қосымша ақы төленіп отыр.

- Кәсіподақтық білім беру сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы айта кетсеңіз?
- Кәсіподақ кадрлары мен активінің өзекті де, өз мезгіліндегі қажеттіліктері мен сұраныстарына сай болуы- кәсіподақтық оқыту саясатының басым бағыттарының бірі. Оқыту барысында түрлі тақырыптар қамтылады. Олардың өзегі – кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру, кәсіподақ көшбасшысының имиджі, еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мен сол жолда кездесетін кедергілермен күрес. Оқу-семинарлары барысында заман ағымына сай түрлі технологиялар - коучинг, квест, топтастыру, сұрақ-жауап, видео және фотослайдтар, сергіту сәті, кері байланыс, тест алу, ойын мен рөлдік ойындар, дебат сынды барлық жаңа технологиялар кәсіподақтық ақпарат пен материалды түсіндіруде пайдаланылады.
Осы жылы аудандық ұйым 6 оқу семинарларын ұйымдастырып, онда 336 сала өкілдері кәсіподақтық оқумен қамтылды. Аудан бойынша екі кәсіподақ үйірмесінің модераторлары Еркін Бекежанов пен Қарашаш Қозбақова үйірме жұмыстарына жетекшілік етуде. Кәсіподақ модераторлардың кәсіби даярлығына үлкен көңіл бөлінеді.  Олар жүйелі түрде өздерінің де білімдерін жетілдіріп, кәсіби сауаттылығын арттырып отырады. Осы уақытқа дейін Еңбек және салалық заңнамалар туралы, атап айтқанда, «Жалақы төлеудің жаңа жүйесі», «Педагог қызметкерлерді аттестаттау», «Педагог қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақыты», «Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі», «Жеке еңбек шартын жасау тәртібі», «Келісу комиссиясының жұмысы», «Тиімді әлеуметтік әріптестік» және тағы басқа тақырыптар бойынша оқулардан өтіп, өздері қаруланған біліммен аудандағы әріптестерін оқытуда.

- Кәсіподақ ұйымы сала еңбеккерлерінің тынығуы, демалысы мен бос уақытын қызықты өткізу,  рухани дамуына қаншалықты деңгейде көңіл бөліп келеді?
- Еңбекті қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кешенді шаралардың бірі - кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру, демалдыру болып табылады. Осы ретте, білім және ғылым саласының барша өкілдері арасында дәстүрге айналып, өнер мерекесі атанған «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты фестиваль, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты спартакиада, кәсіподақтық турнирлер өткізілді. Оған орта есеппен 3 мыңға жуық сала өкілдері қамтылды.
Мерейтой, мерейлі жасқа жеткен сала өкілдеріне арнайы құттықтау мен бағалы сыйлықтар ұсыну игі дәстүрге айналған.
Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру көрсеткіштері де өсу қарқынына ие болып отыр. Жылма жыл “Сарыағаш”, “Манкент”, “Жаңақорған”, “Меркі”, “Ақниет”, “ГРЭСС”, “Самал” шипажайлары мен көрші қырғыз еліндегі “Ыстық көл”, “Алакөл”  жағалауына жолдамалар кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдеріне жеңілдетілген түрде үлестірілді.
“Киелі Түркістанға саяхат”, “Астана – Бурабай” және өзге де туристік бағыттар бойынша ұжымдық тарихи-танымдық саяхаттар ұйымдастыру шаралары жолға қойылған. Үстіміздегі жылы 348 адам, яғни, сала мүшесі мен олардың отбасы өкілдері кәсіподақ қаржысына сауықтырылды.

- Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 09.10.2019 10:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін70
mod_vvisit_counterКеше767
mod_vvisit_counterОсы аптада1210
mod_vvisit_counterӨткен аптада2490
mod_vvisit_counterОсы айда6083
mod_vvisit_counterӨткен айда16610
mod_vvisit_counterБәрі1056983

Серіктестер