Онлайн газет



ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - ЗАМАН ҮНДЕСТІГІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»  деген болатын.

Расында да латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Мәселен, Қытай мен Үндістан, Жапон мен Оңтүстік Корея мемлекеттері технологиялық және экономикалық салаларын дамыту үшін латын қарпін қолдануда. Яғни дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшу экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алуға және ана тіліміздің өзіне тән әуезін сақтап қалуға жол ашатындығы ақиқат.
Жалпы латын әліпбиі арқылы тарих қойнауында жатқан ұлттық құндылықтарымызбен қауышып, бай мұрамызды әлемдік деңгейге көтеруге мүмкіндік туатын болады.
Аудандық әділет басқармасында «Жаңа әліпби - уақыт талабы»  тақырыбында  түрлі  шаралар ұйымдастырылып тұрады. Әлем халқының басым бөлігі қолданатын латын қарпінің ұлт тарихындағы орны жайлы кеңінен ақпарат берілді.

Меруерт МухамМАдиева,
аудандық әділет басқармасының мұрағатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін86
mod_vvisit_counterКеше767
mod_vvisit_counterОсы аптада1226
mod_vvisit_counterӨткен аптада2490
mod_vvisit_counterОсы айда6099
mod_vvisit_counterӨткен айда16610
mod_vvisit_counterБәрі1056999

Серіктестер