Онлайн газет



БАЛАЛАР АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің 1-сынып оқушыларымен бірге «Эко-сағат»  республикалық акциясы өтті.

Сабақ барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтау, тал-дарақтарды күту туралы бейнесюжет көрсетілді.Мектеп директорының міндетін атқарушы Дариға Сүйіндікова еліміз бойынша өткен «Эко-сағат» республикалық акциясының маңызына тоқталып, құттықтау сөз сөйледі. Халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек» деп қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа деген қамқорлықты қалыптастыруға үлкен мән бергендігін айтып, егілген тал-дарақтар келешек ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқандығын жеткізді. Оқушылармен бірге мектеп ауласына 15 туя отырғызды.Аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Ғазиз  Рысқұлбеков те 1-сынып оқушыларымен бірге ағаштар екті.
Сондай-ақ, табиғатты көріктендіру шарасына қамқоршылық кеңестің мүшелері, 1-сынып оқушыларының ата-аналары, ауылдық округтің жетекші маманы  Әсет Мадишев те белсене атсалысты. 
Акция аясында жас өскіндерге Байзақ өңірінің қасиетті жерлері мен тарихы, даңқты батырлардың ерлігі туралы кеңінен ақпарат берілді. Бұдан бөлек, оқушылар назарына ауданымыздың табиғи жағдайы, климаты, өңірде өсетін өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі жөнінде мәліметтер ұсынылды. Егілген  жас көшеттерді күтіп-баптау, уақытымен суару, топырағын қопсытып тұрудың қажеттілігі, ағаш отырғызу мен айналаны көгалдандырудың пайдасы түсіндірілді.
Қазақстан  Республикасы  экология,  геология  және табиғи  ресурстар  министрлігінің, қоғамдық  маңызды  бастамаларды  дамыту  қорының, экологиялық  ұйымдар  қауымдастығының бірлескен  бастамасымен іске асырылған акция қоршаған ортаның көріктене түсуіне өзіндік үлес қосары анық.

Ғалия Маделиева,
бастауыш сынып мұғалімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін42
mod_vvisit_counterКеше767
mod_vvisit_counterОсы аптада1182
mod_vvisit_counterӨткен аптада2490
mod_vvisit_counterОсы айда6055
mod_vvisit_counterӨткен айда16610
mod_vvisit_counterБәрі1056955

Серіктестер