Онлайн газет



ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

“Болашақта   еңбек етіп,  өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп  оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр” -  деп Елбасы  Н.Ә.Назарбаев айтқандай,  бүгінгі таңда ұстаздар  қауымының басты  мақсаты жан-жақты дамыған, дарынды тұлға  тәрбиелеу.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда ұстаздар қауымына жүктеліп отырған міндеттің ауқымы зор. Өткен аптада  Мұғалімдер күніне орайластырылған Сарыбарақ негізгі мектебінде «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» атты мерекелік  кеш ұйымдастырылды.
Айтулы кешке ардагер ұстаздар Гүлжамал Қуанышова, Доғдыркүл Есдәулетова, Тоқтағұл Мамасеріков, Қазтұрған Болысбаев, Мейрамбек Мамасеріков қатысып, оқушылармен еркін сұхбаттасты.
Алдымен ардагер ұстаздар мектеп ауласына туя ағашын егіп, қоршаған ортаны қорғап, байлығын көздің қарашығындай сақтаудың маңызы туралы айтып берді.Одан соң ардагер ұстаздардың шәкірттері, яғни мектеп мұғалімдері «Ұстазым» әнін орындады.  Мектеп директоры Жасұлан Мамасеріков,  білім бөлімінің әдіскері Ғазиз Рысқұлбеков  білім беру саласының қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтап,  бірқатар ұстаздарды білім бөлімі және кәсіподақ ұйымы атынан Мақтау қағаздарымен марапаттады.
Өмірі өнегеге толы ардагер ұстаздардың  өмір жолдары мен жеткен жетістіктері, оларға арналған арнау өлеңдері слайд арқылы көрсетілді. Өз кезегінде зейнеткер ұстаздар ұрпақ тәрбиесі, ұстаздық кәсіп туралы ойларын ортаға салды, оқушылардың сауалдарына жауап беріп, өзара  пікір алмасты. Мектеп оқушылары Дарын Есбергеновтің орындауында «Мен қазақпын» әні, Аида Дүйсенбекқызы  мен Қазына Әкімжанның ұстаздарға арналған арнау өлеңдері мен қара сөздері көпшілікке ой салды. Ардагер ұстаздармен сергіту жүргізілді.
Мерекелік шара соңында қонақтар фотоальбомға қолтаңбасын  қалдырып, естелікке суретке түсті.

Перизат Тлегенова,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 09.10.2019 10:46
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін61
mod_vvisit_counterКеше767
mod_vvisit_counterОсы аптада1201
mod_vvisit_counterӨткен аптада2490
mod_vvisit_counterОсы айда6074
mod_vvisit_counterӨткен айда16610
mod_vvisit_counterБәрі1056974

Серіктестер