Онлайн газет



ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым», - деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың.
Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Өзім білім нәрімен сусындап жүрген білім ошағы - Сарыкемер мектеп-гимназиясында да еңбек ететін ұстаздардың дарынды шәкірттері облыстық, республикалық, Халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары атанды.
Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал, өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбектің ұштастырылуы шарт. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау», - деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасаған, еңбегін еш кетірмей еңбегінің жемісін көріп отырған аяулы ұстаздар деп білемін.
Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі - терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Осы екі қасиетті өз бойында дарыта білген және өз өмірлерін осы салаға арнаған Гүлмира Есентаева басшылық ететін ұлағатты ұстаздарға қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың мына өлең жолдарымен өз ойымды аяқтағым келіп отыр:

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін көріп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын, жігер күт,
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған, бір ерлік.

Жадыра АЙТБАЙ, 
Сарыкемер мектеп-гимназиясының 8 "А" - сынып оқушысы.

Обновлено 07.10.2019 11:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1562
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5703
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31270
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202000

Серіктестер