Онлайн газет



БІЛІМДІ БАСШЫ– БІЛІКТІ МАМАН

Еліміздің жарқын болашағы білімді ұрпағымыздың бейнесімен көрінеді. Жүсіп Баласағұнның мынадай даналығы бар: «Әр бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет». Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын түрлі тәсілдерді үйренуі керек. Оқушының саналы тәрбие алуына сол үйренген тәсілдері арқылы сапалы білім алудың көздерін табуына мүмкіндік жасау.

Бүгінгі білім беру мекемелерінің басты мақсаты - бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын, білімді де білікті, білімге деген қызығушылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.  Сондықтан, балаларымызға дұрыс білім беру арқылы және оның жеке тұлға болып қалыптасуында білім қызметкерлерінің алатын орны ерекше. Бүгінде өмірдің ағымына сай ауылымыз яғни, мектебіміз жақсы жетістіктермен алға жылжуда. Міне, өзіміз куә болғандай соңғы екі жылдан бері Қостөбе орта мектебінде жаңаша оқу үрдісімен жұмыс істеліп жатқаны байқалады. Мектеп директоры Нұрболат Мамырбаев ұжымды өзінің білім - біліктілігімен, ақыл – парасатымен басқарып келеді. Ол "Н.Назарбаев" атындағы зияткерлік мектебімен және "Айша бибі" атындағы дарынды қыз балаларға  арналған «Білім-инновация» мектеп - интернатымен әдіс-тәсілдер алмасу мақсатында меморандумға отырып, бірлесіп жұмыс атқаруы бізді қуантып отыр. Мектепте үнемі аудандық, облыстық практикум семинарлар өтіп жатқанын көреміз. Өткен оқу жылында аталмыш мектеп - интернаттан тренерлер келіп, педагогтардың шеберлігін арттырса, зияткерлік мектебі біздің мектебімізге 100 дана гүл, 3Д принтер, кітапханаға 317 дана көркем әдебиет және оқушыларымызға ойын доптарын сыйға тартты.
Нұрболат Серікұлы мектеп басшысы ретінде қандай да бір жағдайлар болып жатса, қамқоршылық кеңесімен бірлесіп, шешеді. Әрине, бұл әрекеттері де қамқоршылық кеңесімен тығыз байланыста екенін көрсетеді. Айта кетсек, Наурыз мерекесінде ауылдың аксақалдары, ақ жаулықты аналарымен бірге дастархан басында   немерелеріміздің өнерлерін тамашалап, батамызды беріп, дән  риза болып тарқастық. Осы ауылдың түлегі, жеке кәсіпкер Айдос Байғараев 1-сыныпқа арналған бір кабинетке құрал-жабдықтар әперіп, көмек қолын созып отырғаны да бізді қуантады.
Қазіргі таңда, мектептегі ұжымның басым бөлігін жастар құрайды екен. Олардың  дені ауыл жастары өздері оқыған мектебінде еңбек етіп жатқандарын мақтан етеміз. Соның дәлелі, мектеп түлектері – директордың құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шыңғыс Елеусинов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Чауш-оглы Мухамед, бастауыш сынып мұғалімі Қалжан Наурызбаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Балжан Ерланқызы шәкірт тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.
Биыл балаларымыз ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, біразы жоғары оқу орнына түсті. Мектебіміз ҰБТ-дан аудандағы 35 мектептің ішінен орташа 111,5 баллмен 4 орынға, ал, ауданның рейтингі бойынша 43 мектептің ішінен 10-шы орынға көтерілді. Бұл соңғы жылдардағы жеткен жетістік. Осындай жетістіктерге қол жеткізуде өзіндік үлестерін қосқан ұстаздар, атап айтқанда, З.Амирова, А.Муратова, М.Курманалиева, Ә.Бегайдаров, С.Шаяхметова, Х.Жумабекова, Р.Серикова, Х.Наурызбаева, Х.Қасымова, Ұ.Бесбаева, Л.Серикова, Т.Заурбекова, Ж.Сатбаева, З.Бақтыбаева және де В.Бешли-оглыны атап өтсек орынды болмақ. Аталған мектепте ұжымда болуы тиіс үш буын өкілдері тығыз байланыста - бойына даналықты жинаған ардагер ұстаздар, тәжірибесі мен білімін қатар ұстаған аға буын мұғалімдер, күш - жігерімен жаңашылдыққа  ұмтылған жастар ұйымшылдықпен болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде.
Қорыта айтқанда, білікті маман, Қостөбе орта мектебінің директоры Нұрболат Мамырбаев бастаған мектеп ұжымына білім саласының даму көшінен қалмай, аянбай атқарып келе жатқан еңбектері үшін ауыл тұрғындары атынан шексіз алғысымызды айта отырып, ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз.

Мария Тулеугалиева,
К.Зулуфов, С.Курманалиев,
Қостөбе ауылының еңбек ардагерлері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін246
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5897
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1804
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253473

Серіктестер