Онлайн газет



МҮЛІК ПЕН ЖЕР САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 532-бабының 6-тармағына сәйкес, мүлік салығы нысан орналасқан жері бойынша өткен есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 514-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын өткен есептік салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі қажет. Яғни 2018 жыл үшін мүлік және жер салығы 2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі тиіс болып табылады. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын а.ж. 1 қазанына дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама шындыққа жанаспайтынын еске салады. 
Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

Элмира Мамраимова,
аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1091
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7108
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32675
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203405

Серіктестер