Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - АДАМ ЖАНЫНЫҢ НҰРЫ

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында «Жүректен жүрекке!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Шілде айында аз қамтылған, көп балалы және қамқорлықтағы оқушыларға арнап демеушілер тартылды. Оларға үндеу хаттары таратылып, кездесулер ұйымдастырылды. Осыған орай, демеушілер өз қалаулары бойынша көмек көрсететін бала санын берді. Тамыз, қыркүйек айында мектеп жасындағы күнкөрісі төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында мемлекет тарапынан аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен аз қамтылған, қамқорлықтағы және көп балалы отбасыдан шыққан 51 оқушыға мектеп формасы, ақ жейде, мектеп сөмкелері табыс етілді.
Қайырымдылық акциясына мемлекеттік ұйымдар тарапынан 12 оқушыға, ауданның жеке кәсіпкерлерінен 36 оқушыға көмек көрсетілді. Оларды атап айтар болсақ, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы, аудан әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, қаржы және жер қатынастары бөлімдері, сонымен қатар, ЖК «Аманбаев Ж.К.», ЖК «Жеңіс», ЖК «Байбосынова» және өзінің есімін құпия түрде қалуына өтініш білдірген жеке кәсіпкер акцияға белсенділікпен атсалысты. Гимназия ұжымы тарапынан 12 оқушыға көмек көрсетіліп, мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары, мектеп формалары, аяқ киімдер, мектеп сөмкелері табысталды.
Осы жомарт жандардың қамқорлығының арқасында гимназиямыздың 111 оқушысы қуанышқа кенелді. Өз кезегінде ата-аналар да алғыстарын жаудырып, баталарын берді.

Гүлшат ОРЫНБАЕВА,
Перизат АБЗАЛИЕВА,
әлеуметтік педагогтар.


*    *    *
Жыл сайынғы жаңа оқу жылы басталар алдындағы өткізілетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биылғы 2019 - 2020 оқу жылында Қостөбе атындағы орта мектебінде де өз деңгейінде өткізілді. 

Қостөбе  орта  мектебінде  аз қамтылған, көп  балалы  отбасыларынан  шыққан, жетім және қамқоршылықтағы оқушыларға  қолдау  көрсету, баланың  әлеуметтік  себептермен  мектепке  келмей қалуының алдын  алу  мақсатында, алдын ала отырыс ұйымдастырылып, комиссия мүшелері сайланды. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар тізімі нақтыланып, олардың шарадан тыс қалмауы қамтамасыз етілді. Ауыл территориясы бойынша рейд жүргізілді, мектепке тартылмай қалған оқушылар жоқтығы анықталды. Ауыл азаматтарын демеушілік көрсетуге шақыру мақсатында хабарландыру, акция парақтары таратылды.
Мектеп директоры бастамасымен және ұжымның демеушілігімен 8 оқушыға мектеп формасы, сөмкелер мен оқу құралдары берілсе, музыка пәнінің мұғалімі Жақсылық Абдуалиев бір оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, сырт киім, оқу құралдарымен қамтамасыз  етті. Аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Сапар Қалмұратовтың  демеушілігімен  1 оқушыға сөмке және оқу құралдары алып  берілсе, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы тарапынан 4 оқушыға сөмкелер мен оқу құралдары табысталды. Кәсіпкер Байғараевтар  отбасы да шарадан шет қалмай, 10 оқушыға мектеп формасы, аяқ киімдер, сөмкелер, оқу құралдарын алып берді. Бюджет есебінен 15 қыз, 8 ер балаға, жалпы саны 47 оқушы  мектеп   формасы, сөмкелермен  қамтамасыз  етілді.

Ғалия ОМАРОВА,
Қостөбе орта мектебінің әлеуметттік педагогы.


*    *    *
2019 жылдың 1 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткізілген «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аяқталды.

Облыс әкімінің орынбасары С. Құрманбекова бекіткен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2019 жылғы 1 шілде - 30 қыркүйекке дейін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігі білім бөлімінің іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Осы мақсатта, аудан әкімдігі білім бөлімінде "2019 жылғы  30  шілдедегі  «Мектепке  жол» акциясын ұйымдастырып өткізу туралы"  №422,  «Комиссия құру туралы» №424 бұйрықтары  шығарылды.
Осы кезеңде 43 мектепте білім алатын аз қамтылған,  көп балалы, тұрмысы төмен отбасының балалары, мүгедек, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлығы 1415 балаға көмек көрсету жоспарланған болса, «Мектепке жол» акциясы аясында барлық 1921 балаға мемлекеттік мекемелер мен демеушілердің тараптарынан көмектер көрсетілді.
Акция аясында аудан әкімдігі әлеуметтік көмекті қажет ететін 503 оқушының тізімін анықтап, оларға көмек көрсететін 63 мемлекеттік мекемелерді бекітті. Бекітілген тізімге сәйкес мемлекеттік мекемелердің басшылары мен ұжым мүшелері біркісідей атсалысып, 509 оқушыны мектеп формалары, оқу құралдары, спорттық киімдер және кеңсе тауарларымен қамтыды.
«Жүректен - жүрекке» атты қайырымдылық шарасында аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова 75 балаға аудандық мәслихатттағы депутаттық фракция мүшелерінің демеушілігімен сөмке және мектепке қажетті оқу құралдары табысталды.
Аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев және білім бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан 12 балаға 75 000  теңге көлемінде мектеп сөмкесін  және оқу-құралдарын алып берді.
Жалпы, мектепке дайындау  кезінде, 1 шілде және 30 қыркүйек аралығында аудан бойынша  19 млн. 500 мың 802 теңге көлемінде 1921 бала мектеп формалары, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, мектеп ұжымдарының және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің демеушілігімен  509 балаға  3 млн. 563 мың теңге көлемінде, бюджет есебінен 1415 балаға 15 млн. 937 мың теңге көлемінде көмек берілді.
«Мектепке жол» акциясы аясында барлығы 368 рейдтік  іс-шаралар жүргізіліп, оған 548 мұғалім қатысты.

Рәзия СӘБИТБЕКОВА,
аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1410
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7427
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32994
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203724

Серіктестер