Онлайн газет



72 НЫСАН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

Бұл туралы аудандық Қоғамдық кеңестің отырысында баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті “Қазсушар” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалының басшысы Қазыбек Бедебаев айтты.

Аудан әкімі Нұржан Нұржігітов, «Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РММ басшысы Ағыбай Дәуренбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов, аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтер әкімдері және аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысқан отырыста күн тәртібі мен регламенті бекітілді.
Содан кейін “Аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығының дақылдары өндірілетін егіс алқаптарына су тасымалдайтын суландыру жүйелерін және ондағы су реттегіш құралдарының техникалық жағдайларын жақсарту, егіс алқаптарына су бөліп беріп отыратын мамандардың жауапкершілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы” Жамбыл филиалының басшысы Қазыбек Бедебаев хабарлама жасады.
Хабарламашы ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапалы мол өнім алудың негізгі көзі - агротехникалық шараларды сапалы жүргізіп, оның вегетациялық өсу кезеңінде ағын сумен толық қамтамасыз ету болып табылатынын алға тарта келе, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатында, энергетикаға, өндіріске және экологиялық мақсатта су беру қызметімен айналысатынын, сондай-ақ, мекеменің өңірдегі он ауданда орналасқан 10 өндірістік бөлімшесі бар деді. Сөзін слайд арқылы сабақтастыра баяндаған Қазыбек Қошқарбекұлы «Байзақ» өндірістік бөлімшесі аудан аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 32 553 гектар егіс алқаптарына суармалы су беру бойынша қызмет көрсететінін, өндірістік бөлімше теңгерімінде “Темірбек” және “Талас” су торабы, 648,707 шақырымды құрайтын 105 дана канал және 8 коллекторлық дренаж жүйелері бар екенін айтты.
Бүгінгі таңда, 45 маман қызмет атқаратын өндірістік бөлімшеде аталған мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, орталық аппаратта автоматтандырылған су өлшеу бекеттерінің жұмыс жасау үрдістері, суармалы жерлерді қалпына келтіру шаралары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар және осы нысандардың эксплуатациясы бойынша курстар жүргізілгенін, үстіміздегі жылдың 4 қазанынан бастап, облыс көлемінде барлық Жамбыл филиалының қызметкерлеріне «SMES International Pty Ltd» Австралиялық консалтингтік компаниясы ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласындағы шетелдік тәжірибе курстарын өткізетінін жеткізді.


“Бұдан өзге өткен жылы 14,412 гектар жерге келісім-шарт жасалып, 78,158 млн. м3 су берілсе, ағымдағы жылы 18,456 гектар жерге келісім-шарт жасалып, 112,626 млн. м3 су берілген екен. Осыған орай, атап өтетін жайт, ол ағын судың қарызы. Яғни, осы жылы 112,626 млн. м3 су сатылып, оның құны 30 млн. теңгені құраса, бүгінгі күнге тек су беру қызметі үшін 22,318 млн. теңге төленіп, қалған 7,714 млн. теңге қарыз өндірілмеген. Өндірілмеген қарызға байланысты мекеме қызметкерлерінің жалақылары уақытылы төлеуге қол жеткізілмей отыр” - деп, сөзін жалғаған баяндамашы Жамбыл филиалының тапсырысымен Қырғыз Республикасының вегетация мерзімінде судан қиыншылық көргендіктен, құны – 63,9 млн. теңгеге ұзындығы 85 шақырымдық 10 каналға жүргізілген механикалық тазалау жұмыстары туралы мәлімет көрсетті. Аталған каналдар арқылы өткен жылы 1304 гектар жер суарылса, ағымдағы жылы 2707 гектар жер суарылған. Яғни, 1403 гектар жер артық суарылған. Одан бөлек аудан аумағында жоспарланған су шаруашылық нысандардың құрылыс жұмыстары да назардан тыс қалмады. Аудан аумағындағы су нысандарының басым бөлігі иесіз және коммуналдық меншікте болғаны белгілі. Техникалық жағдайы нашар, 40-50 жылдай жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен су ысырабы жоғары, қамыс басып, қоқысқа толса, бетонды каналдардың лотоктары сынған, су өлшеу бекеттері жарамсыз болып кеткен. Осыған орай, Елбасының тапсырмасына сәйкес, суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру бағдарламасы аясында аудан бойынша жер көлемі 14 098 гектар болатын 72 нысанда қайта жаңғырту көзделуде.
Хабарламадан соң Қоғамдық кеңестің “Аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы” төрағасы Серік Ермеков қосымша баяндама жасады. Сонымен қатар, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағынбеков, Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі Қанат Телеуов, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, “Талап” шаруа қожалығының жетекшісі Мауыт Фазулов пікірлерін білдірді.
Отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселе кеңінен талқыланып, осыған сәйкес бірқатар ұсыныс - ескертпелер назарға алынып, Қарар қабылданған соң, отырысты аудан әкімі Нұржан Молдиярұлы қорытындылады.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 02.10.2019 11:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1836
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5977
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31544
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202274

Серіктестер