Онлайн газет



ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Халықаралық  қарттар күніне орай аудандық ардагерлер кеңесінде мерекелік жиын өткізілді.

Айтулы шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаев ашып, қазыналы қарияларды мерейлі мерекемен құттықтап, аға буынның ауданның өсіп-өркендеуіне, ел бірлігін сақтауға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосып отырған үлестерін атап өтті. Қарттарға құрмет көрсету - жас буынның басты парызы екендігін баса айтты.
Әрмен қарай,  сөз алған  аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова қарияларға деген жүрекжарды лебізін білдіріп, сый-сияпатын табыстады.
Аналар алқасының мүшесі Шамша Жұмабаева, ардагерлер кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы, медиатор Серік Балабеков, Түймекент ауылдық округі ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі  Күнтуған Ақназаров жастарды тәрбиелеудегі аға буынның алатын орны туралы ойларымен бөлісті.
Шара соңында аналар алқасының мүшесі Шамша Жұмабаева жағдайы төмен отбасыға қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар,  «Rоla-7» ЖШС- нің директоры Тұрсынбек Нұрбаевтің демеушілігімен  аз қамтылған қариялар мен көп балалы аналарға азық-түлік өнімдері табысталды.

Гүлжан РУСЛАНҚЫЗЫ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін139
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6156
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31723
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202453

Серіктестер