Онлайн газет



БАТЫР ЕЛІ, АҚЫН ЕЛІ БАЙЗАҒЫМ

Сыр шертеді Байзақ жері тереңнен,
Еңбектері ерлерімнің еленген.
Тыныштығын, ырыс-құтын сақтаған,
Жерде өсіп, ұрпақ жайып келем мен.

Батыр елі, ақын елі Байзағым,
Берекелі, мерекелі аймағым.
Ынтымағы, татулығы жарасқа,
Бірлігімен бұзылмаған қаймағым.

Батыр атты басқа аудан бар ма екен,
Жорықтардан аты қалған әр төбең.
Төрт тарапқа естіледі есімің.
Асқақтайды биіктерден мәртебең.

Сарыкемерім деп әніңді саласың,
Бойға қуат содан ләззат аласың.
Тарихы мол ғасырлардан ой толғап,
Жатыр оның куәсі боп Таласым.

Ауылыма көңіліңді бөліңіз,
Тамашасын қызығын бір көріңіз.
Қонақтарға ашық әркез есігім,
Жоғары шық сіздердікі төріміз.

Шығып жатыр әр саладан мамандар,
Қадамдарын қуаттаңдар адамдар.
Жаңарайық құт-береке әкелсін,
Бейбіт күнде басқан игі қадамдар.

Күнтуған Ақназаров,
ардагер-ұстаз.
Түймекент ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін337
mod_vvisit_counterКеше1047
mod_vvisit_counterОсы аптада3676
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда11317
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262986

Серіктестер