Онлайн газет



ФОРТЕПИАНО СЫЙҒА ТАРТТЫ

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен пайдалану мақсатында, 2008 жылы Бурыл ауылдық округінен аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты «Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ашылған еді. 

Аталмыш мақсат пен міндеттерді басшылыққа алған қосымша білім беру мекемесі он бір жыл ішінде балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың өмірде өз мамандықтарын табуларына және сол алған білімдері олардың арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарына түсіп кетулеріне көп септігін тигізуде. Бүгінде мектеп оқушыларының саны 345 оқушыны құраса, олардың 80 пайызы түрлі байқауларға қатысып өнерлерін шыңдауда. Ал, 60 пайызы облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанды. Өнер мектебінің қабілетті оқушылары тек байқаулармен ғана шектеліп қалмай, ауылдық, аудандық, тіпті, облыстық іс-шараларға да белсене араласады. Нәтижесінде ағымдағы жылы мектеп оқушылары "Дарабоз" атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанып, Франция мемлекетінің Париж қаласында өтетін байқауға жолдама алды.
Ануар Кокишев басшылық ететін ұжымда ұстаздар ескірген музыкалық аспаптармен  қабілетті оқушылардың шығармашылығын шыңдап, өмірден өз жолдарын табуға барын салып жұмыс атқаруда. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" - демекші, жуырда аудандық мәслихаттың депутаты, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәния Алтаева өз демеушілігімен мектеп оқушыларына  фортепиано аспабын сыйға тартты. Мектеп ұжымы мен оқушылары жомарттық танытқан жеке кәсіпкерге өз алғыстарын білдірді.

Ерболат ТАУАСАРОВ,
Өнер мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Обновлено 21.08.2019 11:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін270
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6287
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31854
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202584

Серіктестер