Онлайн газет



БАЛАБАҚША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

"Ауыл - ел бесігі" жобасы ауданда жүйелі түрде іске асырылып келе жатыр. Аталмыш жобаның негізінде "Балдырған" балабақшасы да ағымдағы жөндеуден өткізілуде.

Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратының тапсырысы негізінде "Балдырған" балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталғалы айға жуықтады. Аталмыш нысанға барып, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен таныстық.
Мұнда балабақша іші қайта жаңғыртылып, енді сыртқы жұмыстар жүруде екен. Мердігер "Тараз Құрылыс Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары ғимарат сыртын қайта қырып, сылап жатса, енді бірі балалар ойын алаңындағы беседкалардың шиферларын ауыстырып, енді бірі балабақша айналасына брусчатка төсеуде.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты бүлдіршіндер басқа балабақшаларға орналастырылып, қызметкерлер уақытша демалысқа жіберілген. Екі ай мерзімге есептелген құрылыс жұмыстары қыркүйек айының аяғына таман аяқталмақ.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 21.08.2019 11:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1406
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5547
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31114
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201844

Серіктестер