Онлайн газет



СОТ ТӨРЕЛІГІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Тіл тағдыры – тұтас ұлттың тағдыры. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» - десе, Мағжан Жұмабаев: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ», - деген екен. Бір ғасыр бұрын айтылған Алаш арыстарының бұл сөздері дәл бүгінгі заманның да тамыр бүлкілін дөп басып тұрғандай.
Елбасының «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» — деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.
Ата Заң - Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі», - деп атап көрсетілген.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі,  оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Қоғамның іргелі дамуымен қатар ана тілімізді сот жүйесінде берік орнықтыру, оның қолдану аясын кеңейту, беделін көтеру мақсатында аудандық сот кеңсесінде жұмыс ауқымы кеңейіп келеді.
Атап айтқанда, аудандық сотта ішкі,  шығыс  және   кіріс  құжаттарының басымы мемлекеттік  тілде  жүргізіледі. Солардың қатарында- ішкі  құжаттар: сот  төрағасының өкімдері,  сот  жұмысы  туралы  жоспарлар,  жедел  кеңес  хаттамалары,  әр  тоқсан  сайын  сот  жұмысын  қорытындылайтын, анықтамалар мемлекеттік  тілде  жасалады.  Шығыс  құжаттары:  жолдама хаттар мемлекеттік тілде жолданып,  бақылау тапсырмаларына  мемлекеттік  тілде  жауаптар  беріледі. Азаматтардың жүгінулері бойынша, қай тілде сотқа жүгінсе сол тілде (мәтіннің  мемлекетік тілдегі   аудармасымен бірге) жауап  беріледі.
Сотқа түсетін кіріс құжаттары қай тілде сотқа берілсе  сол тілде қабылданады. Сондықтан, сотқа мемлекеттік тілде түсетін кіріс құжаттарының санын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізіліп, мемлекеттік емес ұйымдар, тергеу, прокуратура органдарының өкілдері мен қорғаушылардың қатысуларымен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, жергілікті және облыстық, республикалық басылымдарда мақалалар жарияланып отырады.Мәселен,  ағымдағы жылдың жарты жылдығында 466 әкімшілік іс тіркелсе оның 4 ғана орыс тілінде тіркелген, 520 азаматтық іс тіркеліп, оның 327-і қазақ тілінде, ал тіркеуге алынған 52 қылмыстық істің, 41-і мемлекеттік тілде.
Тіл, ұлт, тәуелсіздік атаулары біз үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру арқылы халықтың сотқа деген сенімі де нығая түседі.

Жанат Малибекова,
аудандық сот кеңсесінің бас маман-сот отырысының хатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1384
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7401
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32968
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203698

Серіктестер