Онлайн газет



531 ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛЕДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес бекітілген, барлығы, 742 мемлекеттік қызметтің 634 түрі, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 531 қызмет түрі көрсетіледі.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметтерді алу, цифрландыру барысында, электрондық цифрлық қолтаңба, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталына тіркелу арқылы ЖСН-ді  ұялы телефонның нөміріне тіркей отырып, бір реттік құпия сөз арқылы, «Telegram bot» мобильдік қосымшасы электронды түрде қолжетімді. Яғни, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қоғамның Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдеріне келмей-ақ, интернет желісіне қосылған компьютер немесе ұялы телефон арқылы алуға мүмкіндіктері бар.
Бөлімде құрылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторлары мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытында негізгі рөлді атқаруда. Бұл секторларда тұтынушылар мамандардан сапалы кеңес, бағыт-бағдар алу арқылы өз бетінше электронды қызметтерді алуда. Сондай-ақ, цифрландыруды дамыту барысында қоғамда әр жыл сайын ауылдық округтер мен мекемелер, оқу орындары қамтылған желілік графиктер дайындалып, соның аясында азаматтар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қазіргі таңда мобильдік үкімет базасына тіркелу арқылы бала туылуына байланысты  композитті қызметтерді, яғни, туу туралы куәлікті, жәрдемақыларды, баланы балабақшаға кезекке қою қызметтерін перзентханадан шықпай-ақ алуға болады.
Алдағы уақытта қоғамда Қазақстан Республикасындағы цифрландыру бағытын дамытып, жүзеге асыру барысында көптеген жұмыстарды қолға алу жоспарланып отыр.

Сәуле ЕРМЕКОВА, 
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының ХҚК бойынша Байзақ аудандық бөлім басшысының орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1015
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7032
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32599
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203329

Серіктестер