Онлайн газет



ДАЛА ӨРТІНЕ САҚТЫҚ ҚАЖЕТ

Орман және дала өрттері әртүрлі себептерден орын алады. Мұндай өрттердің 80 пайызы тұрғындардың еңбек және демалыс орындарында отты, сонымен қатар, ауылшаруашылығы техникасында өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан орын алып жатады.

Байзақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  ауылдық округтерге қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына және шөп шабумен айналысатын жеке тұлғаларға өрт қауіпсіздігін сақтауға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, егіс алқаптарына тасталған темекі, ақаулы техникадан пайда болатын от ұшқыны немесе ашық отты пайдаланудың салдарынан өрттің қауіптілігін,  астық жинау науқаны кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндірді.Сонымен қатар, қарапайым өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын орындау қажеттігінен кеңінен ақпарат берді.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ауданның барлық тұрғындарына тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сондай-ақ қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Осылайша облыс аумағындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, тал-дарақтарын, сирек кездесетін сексеуіл ормандарын өрттен сақтап қаламыз.

Жақсылық Танабаев,
аудандық  ТЖ бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры.

Обновлено 19.08.2019 09:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1574
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7591
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33158
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203888

Серіктестер