Онлайн газет



Ардагерлер ұйымының берері мол

Әділхан Садуақасов,
Үлгілі ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

«Елдін қариясы-ақылдың кең дариясы» дейді атам қазақ. Шынында олар көпті көрген, бар жақсыны ойларына түйген абыз жандар. Өмірдің кермек дәмін де татқан, маңдай термен еңбек етіп, ұрпақ өсірген. Сондай дария көңіл қариялар, ардагерлер Үлгілі ауылында да баршылық. Ауылдық округ аумағында бір -Ұлы Отан соғысы, екі -ауған соғысының, 110 еңбек ардагері бар. Бұлардың ішінде 10-ы тыл ардагерлері. Алқа мүшелері 7 адам, бұлар ауыл ішінде мөлтек аудандарға бекітілген.
Ардагерлер өздерінің бірінші кезектегі міндеті деп, Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт көшбасшысы              Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын халыққа жеткізуге атсалысуда. Жолдауда алдыңғы толқын аға буынға «Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді» деп атап көрсеткендей, ардагерлер өмірден көрген, ойларына түйген жайларды ортаға салып отырады. Ауыл тұрғындары арасында ынтымақ, бірліктің тұрақты болуына, өздерінің даналық ақыл-кеңестерімен үлес қосады. «Береке қайда барасың-ынтымақ бірлікке барамын» демекші ынтымақ бар жерде, өмір сәнді, тіршілікте береке болары белгілі. Осыны ескере отырып, «Үдеудің сыры-бірлікте, жүдеудің сыры-алауыздықта» деп Жолдауда көрсетілген аталы сөзді халық арасында тұрақты түсіндіріп отырады. Соғыс және еңбек ардагері, 90-ға келіп қалған абыз кәриеміз Базарбай Қалдыбаев, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Тілеш Оразбаев, 80- нің сеңгіріне шыққан ардагерлеріміз Жолдыбай Исақов, Есіркеп Серікбаев, Қосыбай Нағашбаев секілді ауылдың сыйлы ақсақалдарының салиқалы сөздері жиындарда тұрақты зейін қойып тындалады.
Ел ішінде дау-дамайды болдырмауға атсалысады, бола қалған жағдайда тез арада оңды шешімге келуге екі жақты түсіністікпен қарауға шақырады. Мұндайда алқа мүшелері ардақты ана Нағима Дәусариева, еңбек ардагерлері Мұхамеджан Айтқұлов, Мамытбек Алдабековтер әркез белсенділік танытады.
Ауылда 15-ке жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір атаның баласындай ынтымақта өмір сүруде. Дәстүрлі мерекелер бірге тойланады. Бірінің қуанышына бірі ортақ болады, қайғысын бөліседі. Барлық ұлттың өкілдері Қазақстанды өз отанымыз деп сезінеді.
Тұрмысы төмен отбасылардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, қарттар, жалғыз басты жандардың тұрмыс жағдайы ардагерлердің назарында. 40-қа жуық жанұя балаларға жәрдемақы, әлеуметтік көмек, тағы басқа жеңілдіктер алады. Тиесілі әлеуметтік көмектің әділетті бөлінуіне ардагерлер алқасы тұрақты қатысады.Жеңілдетілген бағамен 4 тоннадан астам ұн, қыстық отын-көмір әкімшілік тарапынан жеткізіліп берілді. Жалғызілікті жандардың үй, қора-қонсыларын ұсақ жөндеуден өткізіп беруге ұсыныстар жасалып, жүзеге асуына атсалысады.
Жастар тәрбиесіне атсалысу-ардагерлердің тұрақты назарында. Жастар-біздің келешегіміз. Жолдауда көрсетілгендей «Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда» деген қамқорлық сөздің мәнін, мектепте ауыл жастары арасында түсіндіріп отырамыз. Ауыл әкімдігі мен ардагерлердің ұсыныстарымен, батыр ағалардың  ұрпақтарының демеушілігімен сонау отты жылдары майданға аттанған 144 майдангерге орнатылған ескерткіш тұрғындардың әртүрлі мерекелерде іс-шаралар өткізу орнына айналған.
Ауыл азаматы Ниязбеков Әбілқасымның демеушілігімен ауылда мешіт салынған . Ол үй толыққанды жұмыс істеу үшін, ардагерлердің ұсынысымен, ауыл тұрғындарының демеушілігімен  материалдық базасы жасалды, газ отынымен жылу жүйесі орнатылды. Тұрғындардың, жастардың діни ілімнен нәр алуына мүмкіндігі бар. Аға буынның, зиялы-қауымның назарында болатын негізгі мәселе-ол жастар мәселесі. Олар батыс мәдениетіне еліктеп барады. Мәдениет, кино саласында небір арзан туындылар қаптап келеді. Эротикалық фильмдер, ұятсыздықты мадақтауға көшіп барады. Нашақорлық, алкогольдік ішімдіктер ұрпақ ішіндегі әлсіздерін уландырып, есінен тандыруда. Дінімізде жоқ азаматтық некелер пайда болуда. Қоғамға жат діни ағымдар ел ішінде іріткі салып, берекетсіздіктер ұйымдастыруда. Жалындаған жас ұрпақты бет-бейнемізден айыру,түсініксіз, отансыз тобырға айналдыру ниеті сезіледі. Біз осы қауіптен абай болуымыз керек. Жастарға батыстың зымиян саясатының бет-пердесін ашып түсіндіруді өзіміздің аталық, азаматтық борышымыз деп санайық дегім келеді.
Ардагерлердің кемелдігі мол, күш-қайраты бар. Орынды пайдалана білсе олардың ақыл-кеңесі, өмір тәжірибесі келешек үшін берері мол қазына екенін естен шығармайық.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1345
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада3088
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21167
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228553

Серіктестер