Онлайн газет



ТАҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАР

Тағамдық белсендірілген биологиялық қоспалар (ББҚ) – шығу тегі табиғи зат, ол қоректі заттардың тепе-теңдігін қалыпқа келтіреді, денсаулықты  ұстауға (аурудың алдын алуға) себепші болады және сауығу барысын жылдамдатады.

Тағамдық ББҚ-ның байланысы – жеке пайдалану үшін немесе тағамдық өнім құрамын байыту және аурудың алдын алу мақсатындатағамдық өнім құрамына енгізетін табиғи немесе табиғиға ұқсас заттардан тұрады.Бұл қоспалар – тағамдық өнімдерге берілген сипатты күшейту, олардың биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін және өздігінен тағамдық өнімдер болып саналмайтын, тағамдық өнімдерге арнайы енгізілетін  табиғи және жасанды заттар.Көптеген ББҚ-лар бейімделгіш және сергіткіш әрекетті заттардан құралады, бұл ағзаның қорғаныш күшіне дем береді, жалпы тұрақтылықты және тіршілік күш-қуатын, дене мен ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатады, қоршаған ортаның теріс ықпалын және есеңгіреуді азайтады.
ББҚ-ға сипаттама беру кезінде сапа мен қауіпсіздік сияқты ұғымды есепке алу өте маңызды. Тағамдық ББҚ-ның сапасы – бұл тағамға белсендірілген биологиялық қоспалардың тұтынушылық сипатын, тиімділігі мен қауіпсіздігін негіздейтін  мінездемелер жиынтығы. Тағамдық ББҚ-ның қауіпсіздігімен адамдардың қазіргі және келешек ұрпағының өмірі мен денсаулығына қауіптің жоқтығын тұспалдайды.   ББҚ-ның ресми түсіндіру анықтамасы ББҚ-ның мәртебесі дәрілік зат емес, нақты тағамдық өнім ретінде бейнелейді. Алайда, тәжірибеде келе-келе ББҚ-ты сауықтыру өнімі ретінде ендігі қарастыруға жол беретін, оның кеңейтілген түсіндірмесі қалыптасқан.  Бірақ ешбір жағдайда аурудың кең ауқымын емдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін дәрілік заттар ретінде өндірушілерге тағамдық белсендірілген биологиялық қоспаларды жайғастыруына жол беруге болмайды.
Үлкен өкінішке орай, көп себептерге байланысты қазіргі заманғы өнімдер сізді барлық қажеттілермен қамтамасыздандырмайды. Осыған байланысты біз дәрумендер мен микроэлементтердің үлкен тапшылығын тартамыз.Денсаулыққа нұқсан келтіріп, дәрумендер жетіспеушілігі жылдар бойы жалғасуы мүмкін. Онсызда біздің тағамымыз ретке келтіруге мұқтаж. Оның үстіне мөлшерін ұлғайту немесе құрамын өзгерту арқылы оны ретке келтіруге болмайтыны түсінікті. Тағамды азайып бара жатқан заттармен толықтыру керек. Және осы тұрғыдан қарағанда, тағамдық қоспаларды пайдалану әбден дұрыс.
ББҚ аурудан айықтырмайтыны есіңізде болсын. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.ББҚ-ға ауыстырып, дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмектерінен ешқашан бас тартпаңыз. Болмаса оларды бірге қабылдауға болады.
ББҚ дәрі-дәрмек емес және қандайда бір ауруды емдеуге қолданылмайды.

Ульяна Ертасова,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының
бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін515
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6532
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32099
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202829

Серіктестер