Онлайн газет



ЖҰМЫС ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, аудан орталығындағы орталық аурухана ғимаратының бірінші қабатындағы кабинеттерге ағымды, ал үшінші қабаттағы ота жасау бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жөндеу жұмыстарына  бюджеттен 93 млн.959 мың теңге бөлінген.

Ғимараттың ота жасау бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ашық конкурс жарияланған. Конкурста “ТаразЭлитСтрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанған. Келісім шарт құны 70 млн. 407 мың теңге. Бүгінгі таңда ота жасау бөлімшесінің терезе-есіктері мен едендері сондай-ақ, жылу және электр жүйелері толығымен алмастырылуда. Қабырғалардың сылақтары түгелімен сырылып, қайтадан жаңартылып жатыр. Шілденің 26-ы күні басталған жұмыс ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде аяқталмақшы.
Ашық конкурc нәтижесінде жеңімпаз атанған “Разат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аурухананың қабылдау бөліміне, фармацевт, УДЗ, ФГДС және автоклав кабинеттеріне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үстінде.Қазіргі кезде серіктестіктің бесаспап жұмысшылары кабинеттердің ішкі есіктерін, жылу жүйесінің радиотарын, электр жүйесін ауыстырып, ішкі әрлеу, сырлау және еденді кафельдеу жұмыстарын атқаруда.  Келісім шарт құны 7 млн. 790 мың теңге.
Ал “ТаразЭлитСтрой” ЖШС-інің басшысы Галина Федотова мен жауапты инженер Дмитрий Семенов және “Разат” ЖШС-нің басшысы Нұрлан Абдраимов  құрылысқа отандық өнімдерді пайдаланып отырғандығын  жеткізді.
“ФарабКурылыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі техникалық бақылауды, ал “ЛидерПроектДизайн” ЖШС-і авторлық қадағалауды жүзеге асыруда.
“Ауыл - ел бесігі” жобасы  бойынша ғимараттардың келбеті құлпырып, көшелерде жол жөнделе бастады. Сондай-ақ, “Балдырған” және “Теремок” балалар бақшасы да жаңалануда.

Гүлжан Турсунходжаева.

Обновлено 14.08.2019 10:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1596
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада3339
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21418
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228804

Серіктестер