Онлайн газет



ҚҰРБАН АЙТ - ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

Құрбан айт - ынтымақ пен бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. Елбасының игі бастамасымен елімізде бұл мейрам құрметіне демалыс жарияланған. Бүгінгі таңда Құрбан айт халықтық мерекеге айналып, еліміздің рухани өміріне жаңа серпіліс әкелді.

Құрбан айттың алғашқы күні оқылатын айт намазына асыққан жамағат аудандық «Байзақ баба» мешітіне жиналды. Таңғы сағат 7.00-де мешіт үйіне ағылған жамағаттың бәрі де ақ көңілмен, таза пейілмен Аллаға шүкіршілік айтып, бір-біріне тек ізгі тілектерін арнады.
Мешіттің бас имамы Рамиз қажы Азизов «Құрбан айтта құрбандық шалудың абзалдығы» туралы уағыз – насихат айтып, аталмыш мерекенің ұлықтығына екпін салды. Әсерлі уағыздан соң найб имам Айбек Каримбаев құрбандық шалудың тәртібін түсіндіріп, айт намазын оқудың сауабына  тоқталды. Уағыздан кейін жас-кәрі жамағат бір қатарға тұрып, Алланың ризалығы үшін айт намазын оқыды. Одан соң мешіт ауласында құрбандық шалынды.
Құрбандыққа арналып сойылған 2 ірі қара, 8 ұсақ малдың еттері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үлестірілді.
Кезек мешіт ауласында бас имамның қолдауымен ұйымдастырылған спорттық шараларға ойысты. Ұлттық ойындар: қол күресі, арқан тарту, қазақша күрес, кір тасын көтеру, асық ату ойындарынан жарыстар өтіп, жақсы өнер көрсеткен қатысушыларға Алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды.
Мереке құрметіне жайылған дастарханнан ауыз тиген аталарымыз баталарын беріп, елдің бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Құрбан айт мерекесіне орайластырылған қайырымдылық шаралары барлық елді-мекендерде ұйымдастырылып, аса мұқтаж, көпбалалы отбасылар мен  жалғызілікті қарттарға  азық-түлік өнімдерінен көмектер көрсетілді.

Нұрбек Сүгірбеков.

Обновлено 14.08.2019 10:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1587
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5728
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31295
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202025

Серіктестер