Онлайн газет



МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. МӘМС барлығымызды, соның ішінде Сізді де қамтиды, сондықтан медициналық сақтандырудың не екенін, оның қандай мүмкіндік беретінін және тиімді тұстарын түсінетін уақыт келді.
МӘМС-ті енгізу ең алдымен медициналық көмектің сапасы мен қолжетімдігін арттыруға бағытталған. МӘМС-ті енгізудегі негізгі рөлі алғашқы медициналық санитарлық көмекті немесе амбулаториялық емханалық көмек көрсететін ұйымдарға бағытталған.Ұлт көшбасшысының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80-ші қадамында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» жөнінде: «Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру.  Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады» делінген.

- Әр азаматқа медициналық көмек толық және қол жетімді болу үшін не істеу қажет?

- Біріншіден – өзіңіздің мәртебеңізді анықтауыңыз қажет. Өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңіздіe gov.kz порталында білуге болады. Ол үшін тек ЖСН-ді (жеке сәйкестік нөмірі - ИИН) енгізіп, «Жұмыскер», «Әлеуметтік төлемдер алушы», «18 жасқа дейінгі бала», «Тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» немесе «Санаты анықталмаған» деген санаттардың бірі көрсетілген хабарлама алсаңыз болғаны.
Егер санатыңыз анықталмаса, оны түзету қажет.
Егер Сіз жұмыссыз болсаңыз, онда Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе әкімдікке жүгіну арқылы есепке тұра аласыз.
Егер Сіз экономиканың бейресми секторында айналысып жүрсеңіз немесе жеке кәсіпкер болсаңыз Біріңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуді бастауыңыз қажет.
Екіншіден – емханаға тіркелуіңіз қажет.
Емханаға тұрақты немес уақытша тұрғылықты жеріңіз бойынша, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) емхананы таңдап тіркелуге болады. Сонымен қатар, тіркелген емханаңызда учаскелік дәрігерді немесе жалпы тәжірибелік дәрігерді таңдау құқығыңыз бар. Медициналық сақтандыру қорымен келісім шартқа тұрған емхана мемлекеттік те, жеке меншік те болуы мүмкін.

- МӘМС енгізілгеннен кейін не өзгереді?

- Қазақстан Республикасының Үкіметі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізілімін бекітті. Аталған екі жиынтықтың айырмашылығы, ТМККК жиынтығы бүкіл халық үшін минималды әлеуметтік стандартқа айналады, жедел және шұғыл жағдайлардағы медициналық көмекті, алғашқы медициналық санитариялық көмекті қамтып, қоғам үшін маңызды ауруларды бақылаудан тұрады. МӘМС жиынтығы әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қазақстандықтардың болашақ ұрпағының денсаулығына бағытталған медициналық көмек тізімінің қалған бөлігін қамтиды.
Медициналық көмекке қосымша шығындар, алдын алу шараларын күшейтуге бағытталатын болады, оның ішінде:
- Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке қаржыландыру көлемі 40 пайыздан 50 пайызға дейін артады:
- амбулаториялық емханалық және жедел медициналық қызметтің жан басына шаққандағы нормативі. Жан басына шаққандағы норматив деген не? Бұл медициналық көмектің қаншалықты жиі және қандай көлемде көрсетілуіне қарамастан емханаға тіркелген әр азаматқа бөлінетін қаражат. Емханада көрсетілетін қызметке бөлінетін қаражат шамамен 30 пайызға, жедел медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру 24 пайызға артады.
- консультативтік-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру 5 есеге артады;
Медициналық қызметтің қол жетімділігі мен сапасының артуы:
-  жоғарғы мамандандырылған медициналық көмекті қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек 25 пайызға артады;
- сақтандырылғандарға оңалту және қалпына келтіру емі 2,5 есе артады;
- медициналық қызметкерлердің жалақысы мен медициналық қызметтердің тарифы артады.
Науқастың мүддесі үшін медициналық көмектің сапасына бақылау күшейеді.
Қордың құзырына мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізу кіреді.
Мемлекеттік те, жекеменшік те медициналық ұйымдар көрсететін медициналық көмекке бақылау жүргізіледі. Мониторингілеу автоматтандырылған жүйелерде және медициналық ұйымдарға барып жүргізіледі. Қорменеліміз бойынша өткен жылы мониторинг қорытындысы бойынша 494 мың ақауға 6,6 млрд. теңге айыппұл салынса, Жамбыл облысы бойынша 300 миллион теңгеге ақаулар анықталған.
2019 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде облыстың тұрғындарына 88 медициналық ұйым қызмет көрсетеді, олардың 49-ы жекеменшік болып табылады. Мониторинг нәтижелері бойынша медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингілеу бойынша 2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша жалпы соммасы 109 млн. 368 мың теңге құрайтын 25 599 ақау анықтаған.

- Медициналық көмекті мониторингілеуді дамыту нені көздейді?

- Біз үшін науқастың бағалауы маңызды. Тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қарау, жүргізілген сауалнамалар осыған көмегін тигізеді. Екінші аспект. Қызмет берушілердің қызметтеріне ақы төлеу, олардың көрсеткен қызметтерінің нәтижесіне қарай жүргізіледі. Науқаспен тығыз қарым қатынас қана, бізге медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектеседі.

Мавлюда Бокаева,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін455
mod_vvisit_counterКеше675
mod_vvisit_counterОсы аптада2852
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда8366
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1091903

Серіктестер