Онлайн газет



МІНДЕТ- ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ ҚҰРУ

Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – адам және адамның өмірі. Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын жақсарту - үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

Қазіргі уақытта елімізде нашақорлықпен күресу  - ең маңызды мәселелердің бірі саналады. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Есірткі өзінің денсаулығына, оны қоршаған адамдардың өміріне қауіп туғызады. Нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстар - осының жарқын көрінісі.
Сондықтан 1987 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында мүше мемлекеттердің есірткіден азат халықаралық қоғам құру жөніндегі алған міндеттерін орындау мақсатында 26-маусымды халықаралық нашақорлықпен күрес күні ретінде атап өту жөнінде шешім қабылданған болатын. БҰҰ нашақорлық және қылмыс басқармасының бағасына сәйкес, есірткі пайдаланушылардың саны 200 млн. адам, ол бүкіл жер шарының 3,4% немесе 15 жас және одан жоғары халықтың 4,7% құрайды екен.
Кереғар құбылыстың алдын алу бағытында Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратында  көптеген жұмыстар қолға алынуда. Атап айтқанда, округке қарасты білім ошақтары, денсаулық сақтау мекемелері және тәртіп сақшыларымен бірлесіп түрлі деңгейдегі іс-шаралар жүйелі ұйымдастырылып тұрады. Жасөспірімдер арасында есірткінің зияны мен зардабы туралы сауалнамалар жүргізіліп, есірткіге қарсы суреттер және плакаттар байқаулары өткізілуде. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық үйірмелер мен секциялар жұмыс жасауда.
Біздің ортақ міндетіміз — есірткісіз болашақ құру.

Баян Даулетбаева,
Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімше басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1628
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7645
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33212
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203942

Серіктестер