Онлайн газет



ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

Кеше, облыс әкімінің  бірінші орынбасары Бекболат  Орынбеков жұмыс сапарымен ауданымызда болып, бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округі аппараты қызметкерлерінің жұмысымен танысқан соң Бекболат Серікбекұлы орталық саябақтағы шағын футбол алаңын көріп шықты. Бұдан соң ауылдағы «Ақбота» шаштаразына бет алды. Жас кәсіпкер Токтабибі Калимбетова бұдан үш жыл бұрын «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы 3 млн. теңге несие алып, кәсібін ашқандығын, бүгінде үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғандығын жеткізді. Кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеген  облыс әкімінің бірінші орынбасары одан ары қарай Үшбұлақ елдімекенін газдандыру және «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолын жаңғырту жұмыстарының жай-күйіне қанықты. №3 Байзақ колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту» орталығында болды. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне жүргізіліп жатқан ағымды жөндеу жұмыстарын көріп шықты.


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында Бекболат  Орынбеков өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, алда тұрған келелі міндеттерге тоқталды.Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған тірліктерді тілге тиек ете отырып, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің жұмыс кестесін,  жұмыс сапасын қадағалауды назарға алу керектігін, сондай-ақ, ауыз су, газдандыру, алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары, электр энергиясымен қамтамасыз ету, жол қозғалысы, бұқаралық спортты дамыту, жұмыспен қамту, әлеуметтік қызмет қөрсету мен көмектің сапасын жақсарту, қосалқы шаруашылықты дамыту, жалпы халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында Байзақ ауданында тындырылған  жұмыстардың нәтижелілігін атап өтті. Жүйелі жұмыс нақты нәтиже беріп отырғандығын айтып, талқыланған мәселелерді назарға алып, жұмыс жасауды тапсырды.
Жиында аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков бірінші жартыжылдықта ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен қысқаша ақпарат берді.

Гүлжан Турсунходжаева,
Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 22.07.2019 12:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін604
mod_vvisit_counterКеше544
mod_vvisit_counterОсы аптада3725
mod_vvisit_counterӨткен аптада4583
mod_vvisit_counterОсы айда4287
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1087824

Серіктестер