Онлайн газет



ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен 100-ден аса жеткіншек Жамбыл жерінде, соның ішінде 21 бала  ауданымызға қарасты «Кооператор» сауықтыру лагерінде демалуда.

Балғындардың әр күнін мазмұнды өткізу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып,  концерттік бағдарламалар назарларына ұсынылған.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы  және аудандық мәслихаттың ұйытқы болуымен «Біз Арыспен біргеміз!»  акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
Алдымен  балғындар лагерьдің әнұранын шырқаған соң,  арыстық  жеткіншектер би билеп, ән салды. Одан  әрі  аудандық мәслихаттың хатшысы Нұржан Тлепов сөз алып, жас меймандарға Байзақ өңірінде 106 мыңнан аса халық, ал аудан орталығы Сарыкемерде 36 мың тұрғын тұратындығын, Байзақ батыр есімін иеленген ауданның тарихынан қысқаша ақпарат бере отырып, арыс халқына қиын кезде жұдырықтай жұмылып, жәрдем көрсетіліп жатқандығын жеткізді. Бүлдіршіндерге мәслихат депутаттарының демеушілігімен арнайы сыйлықтар табысталды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова айтулы шара «Біз Арыспен біргеміз» және «Мектепке жол» акциясы шеңберінде өтіп жатқандығын айтып, ақжарма тілегін арнады.Облыстық резервтегі  партия мүшелері: облыстық мәслихаттың депутаты Бақытжан Сейіткерімов, «Әулиеата-Феникс» ЖШС-інің директоры Фарида Жүнісова, аудандық мәслихаттың депутаты, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сания Алтаеваның және №3 Байзақ колледжінің директоры Мұхит Нысанбаевтың қолдауымен 6 мен 14 жас аралығындағы  арыстық 21 балаға спорттық киімдер табысталды.
Көрші өңірдің кішкентай меймандары: Алтынбек Полат пен Амина Жолдас жазғы демалыстарында жаңа достар тапқандығын мақтанышпен жеткізіп, ағаларының сый-сияпатына алғыстарын айтты.
Игілікті шара соңында лагерьде тынығып жатқан 150 балаға тегін балмұздақ таратылды.

Нұрбек СҮГІРБЕКОВ.

Обновлено 22.07.2019 12:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін45
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1694
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9644
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027676

Серіктестер