Онлайн газет



ЕЛОРДА - БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

Сарыарқаның төрінде орын тепкен Нұр - Сұлтан қаласымен әрбір ел азаматы мақтанады. Өйткені ерке Есілдің бойында асқақтаған Елорда тәуелсіздігінің тірегі саналады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа астананың қалыптасуына ерен еңбек сіңірді. Бүгінде Бас қаламыз – мәдениеттің, ғылымның, инновациялық технологиялардың орталығы мен халықаралық диалог алаңына айналды.
Елорданың қарқынды дамуы – барша аймақтардың дамуына серпін беріп, игі істерге жұмылдыруда. Зәулім ғимараттарымен, сәулетті сарайларымен, заманауи құрылыстарымен ерекшеленетін Елордадағы Тәуелсіздік алаңы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Бәйтерек, Есілдің оң және сол жағалауындағы көрікті ғимараттар қаламызға көрік беруде.
Астана жиырма бір жыл ішінде экономика мен саясаттың, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің маңызды орталығына айналды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 21 жылдың ішінде Елорданың аумағы 3 есеге ұлғайып, тұрғын үй ғимараттарының көлемі 19 есеге, ал халық саны 3 есеге артып, 1 200-ге жуық өндірістік, әлеуметтік-мәдени әрі қоғамдық маңызы бар нысандар бой көтерген екен.
Астана – болашақтың қаласы. Мұнда барлық армандар жүзеге асып жатады.Сондықтан, әрбір жас Елордада білім алып, ел дамуына үлестерін қосуға ұмтылады.

Мәрзия Еркебұланова,
Байзақ ауданының мемлекеттік архивінің директоры.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1682
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5823
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31390
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202120

Серіктестер