Онлайн газет



БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ РАХМАТІЛДӘ СЕГІЗБАЙҰЛЫ РАХМАНБЕРДИЕВТІҢ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АЛДЫНДАҒЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨЗІНЕ ЖҮКТЕЛГЕН ФУНКЦИЯЛАР МЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты көрсеткіштермен сипатталады. Оған барлық салада межеленген көрсеткіштерді орындау нәтижесінде қол жеткізу ықпал етті.

Аудан бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-маусым айларында  1821,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 97,4 % құрады. Алдын ала болжам бойынша есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2185,2 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,6 пайызды құрайды деп болжануда.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5 млрд. 652,1 млн. теңгені немесе 2018 жылдың 5 айымен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,3 % құрады. 2019 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 6 млрд. 908,4 млн. теңгені немесе НКИ 103,2 %-ды құрайды деп күтілуде.

Инвестиция
Ағымдағы жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 4024,6 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 93,9 % құрады.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 7064,5 млн. теңгенің немесе НКИ 102,6 %-ды құрайды деп күтілуде.

Бюджет
Аудан бюджетінің түсімдері мен жоғары бюджеттен алынатын ресми трансферттер бойынша 6 айдың жоспары 7890848,8 мың теңге, нақты түсіп отырған соммасы 7939052,1 мың теңге немесе орындалуы 100,6 %. 
Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 7944342,8 мың теңге, кассалық атқарылуы  7940260,7 мың теңге немесе атқарылуы 99,9 % - ды құрады.

Сауда және шағын орта бизнесті дамыту
2019 жылдың 5 айында бөлшек сауда айналымының көлемі 3816,4 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне салыстырғанда 191,1 % құрады. Алдын ала есептеулер бойынша ағымдағы жылдың 6 айында бөлшек сауда айналымының көлемі 4277,0 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 170,4 % көлемінде қалыптасады деп жоспарлануда.
2019 жылдың 1 шілдесіне Байзақ ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны 5549, оның 2767-сі шаруа немесе фермер қожалықтары, 2543-і жеке кәсіпкерлер, 1 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар мен 238 шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар.

Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың 6 айында 2454,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 110,3 %-ды құрайды деп күтілуде. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың 5 айында 668,4 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 100,7 % құрады.
Үстіміздегі жылдың 5 айында 8404 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,0 % құрап отыр. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы 9955 шаршы метрді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,6 %-ды құрайды деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды қадағалау нәтижесінде өткен жылы 139 шаруашылықтың 3706 гектар егістік жерлері игерілмей жатқаны анықталған.
Жайылым жерлерді зерделеу жұмыстарының нәтижесінде жайылым жері бар, бірақ малы жоқ 63 жер пайдаланушының 3054,25 гектар жері анықталды. Осы шаруа қожалықтарының 19-на жүргізілген тексеру жұмыстарымен заң бұзушылық анықталған 16 шаруа қожалықтарына нұсқама беріліп, жерлерінің салықтары 10 есеге ұлғайтылды.
Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күнге көлемі 795,6 га болатын 49 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ауданда 52 кооператив құрылып, оның 9-ы несие және құрал-жабдықтар алып, жұмыстарын жүргізуде. 2019 жылы 4 жаңа кооператив құрылып, несиелендіру бағытында жұмыстар атқарылуда.

«Индустриялық - инновациялық даму» бағдарламасын жүзеге асыру
Жаңатұрмыс ауылдық округінде жеке кәсіпкер «Жабатаева Л.» жалпы құны 430 млн. теңге көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 2-3 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобасы дайындалып, индустрияландыру картасына енгізілді. Өткен жылы жер телімі бөлініп, жұмыстар басталып, бүгінгі күнге 73 млн. теңге қаражат игерілді.
«Жалгызтобе Солар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жалғызтөбе ауылдық округінде жалпы құны 6,0 млн. АҚШ доллар (2,22 млн. теңге) қуаттылығы 4,95 МВт, күн фотоэлектрлік электр станциясының құрылысы» инновациялық жобасын дайындауда. Жобаны қаржыландыру инвестор мен Европалық Даму банкі арқылы жүзеге асырылады.
Электр желісіне «Жалгызтобе Солар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн фотоэлектрлік электр станциясын қосудың техникалық шарттары жасалынып, «KEGOC» акционерлік қоғамымен электр қуатын сатып алу тарифы бойынша конкурс өтетін болады.
«Аллель Агро» акционерлік қоғамы Көктал ауылдық округінде, жалпы құны 11,8 млрд.теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 20 000 тонна «Құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы» жобасын іске асыруда (680 жаңа жұмыс орны ашылады, жергілікті бюджетке 540 млн. теңге қаражат түседі, 30 мың тонна құс етіне сұранысты қанағаттандырады. Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанға құс еті экспортталады деп күтілуде). Бүгінгі таңда, бұрынғы «Жамбыл құс» ЖШС-нің өндірістік ғимараттары жеке меншікке сатып алынып, санитарлық аймаққа 20 га жер телімін бөлу бойынша жұмыстар атқаруда.
Аудан бойынша 2019 жылдың 6 айында 461 адамға жалпы соммасы – 249 360 000 теңге шағын несие берілді.
Оның ішінде:
- «Азия» шағын несие қоры» ЖШС-і 444 адамға 186 060,0 мың теңге;
- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы 17 адамға 63 300,0 мың теңге.
«Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 102 адам оқып, барлығы сертификаттарын алды.

Автомобиль жолдары
Аудандық маңызы бары 132,07 шқ., 2019 жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарына, елдімекен көшелеріне және көпірлерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы 485,9 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 4 автомобиль жолының 20,35 шқ.,  5 көпір мен темір бетонды құбырлары және 5 елдімекен көшелеріне 3,694 шқ., орта жөндеу, 8 аудандық мәндегі жолдарға ағымдағы жөндеу, 2 елдімекен көшелеріне шағал тас төсеу жоспарланған.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық мәндегі жолдардың үлесі 81,2%-дан 87,7%-ға дейін көтеріледі деп жоспарлануда. Облыстық Тараз - Сарыкемер, Тараз - Көктал автожолдарын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету
Жер асты су қорлары анықталған 6 ауылға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, Үкіметке бюджеттік өтінім тапсырылды. Биылғы 2019 жылға Талас және Сарыкемер ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық және облыстық бюджеттерден 656 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, жалпы құны 3 млрд. 816 мың теңгені құрайтын Сарыкемер ауылын суландыру жүйесінің құрылысын бастауға биылғы жылы жоғарғы тұрған бюджеттен 414,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Сондай-ақ, Көкбастау, Жаңатұрмыс ауылдарында ауыз су жүйелері құрылысын жүргізуге және Бурыл ауылындағы ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртуға жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде ауыз сумен қамту деңгейі 46,5 %-дан 51,2 %-ға көтеріледі.

Газбен қамтамасыз ету
Ауданның 43 елдімекенінің 22 елдімекені көгілдір отынмен қамтылған. 2019 жылы 1 343 000,0 мың теңге бөлініп,11 елдімекенге орта қысымды газ құбыры тартылуда. Қалған 1723985,0 мың теңгеге, 2020 жылы 10 ауылға орта қысымды газ құбыры тартылатын болады.
Ал,  11 елдімекеннің төменгі қысымды ішкі  газ жүйелерінің ЖСҚ даярлауға облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
2017-2018 жылдары ауыл тұрғындары өз қаражат есебінен алты ауылға (Тегістік-1, Тегістік-2, Жаңатұрмыс, Көкбастау, Жібек жолы, Абай) газ құбыры тартылып, пайдалануға берілді.

«Ауыл - Ел Бесігі» жобасы туралы
«Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша Сарыкемер ауылында барлығы 948,0 млн. теңгеге 29 жоба қаржыландырылуда.
Оның ішінде: көшелерді жарықтандыруға 4 жоба 372,6 млн. теңге, білім нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 3 жоба 241,3 млн. теңге, денсаулық сақтау саласы нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 2 жоба 93,9 млн. теңге, спорт нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 4 жоба 72,4 млн. теңге, мәдениет саласына 5 жоба 52,5 млн. теңге, жолдарды жөндеуге 10 жоба 108,0 млн. теңге және 1 жоба жұмыспен қамту орталығының ғимаратын ағымдағы жөндеу 7,2 млн. теңге. Қазіргі таңда 29 жобаның 18 жобасының жеңімпазы анықталып, 14 жоба бойынша жұмыс басталды.

Денсаулық сақтау саласы
Қазіргі таңда, алдымызда медициналық қызмет сапасы және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті тұр.
Аудан бойынша 45 емдеу мекемелері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 100% электрондық нұсқаға көшті. Сәбилер өлімі көрсеткіші 12,6-дан 7,2 промильге кеміген. Ана өлімі тіркелген жоқ.

Білім саласы
2018 – 2019 оқу жылында ауданда 87 білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Биылғы жылы аудан мектептерінде 19 858 оқушы (2017-2018 оқу жылы – 19 015), білім алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 843 оқушыға артық.
Ағымдағы оқу жылында аудандағы жалпы білім беретін орта мектептерді 806 оқушы бітірді (қазақ тілінде – 714, орыс тілінде -92).
2019 жылғы ҰБТ– ға 565 оқушы өтініш беріп, оның 558-і (69,2 %) қатысты. Ал, 7-еуі ҰБТ-ға қатысуға өз еріктерімен бас тартты.
ҰБТ-дегі орташа балл 95,64 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,96 балға төмендеді (2018  жылғы орташа балл – 100,6).

Мектепке дейінгі білім беру
Аудан бойынша  бүгінгі күні 37 балабақша мен 10 шағын орталықта барлығы 4528 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі мекемемен 1-6 жас аралығында бүлдіршіндер  79,7%, 3-6 жас аралығында - 99,2% қамтылып отыр. Бүгінгі күнде, аудан бойынша 3-6 жас аралығында 328 бала кезекте тұр. 2019 жылы жоспарлап отырған жекеменшік - әріптестік негізіндегі 2 балабақша мен екі шағын орталыққа 3-6 жас аралығындағы 200 бала бюджет есебінен қамтылады. Қалған балалар Edugarden.kz электронды қызметі арқылы мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға қамтылатын болады. ІІІ – тоқсан соңында 3-6 жас аралығындағы балаларды толық 100 % қамту жоспарланып отыр.

Білім нысандарының құрылысы, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу
Ақшолақ ауылындағы 120 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы (сметалық құны 564,2 млн. теңге) 2018 жылы басталып, нысан құрылысы биыл тамыз айында аяқталады.
Базарбай ауылындағы А.Пушкин орта мектебі, Аққия ауылындағы «Аққия» бастауыш мектебі, Көктал ауылындағы «Саялы» балабақшасы, Жетібай ауылындағы «Ерасыл» балабақшасы қазандықтарын газға көшіру құрылыстары жүргізілуде. Жалпы сомасы 165,2 млн. теңге.
Қазіргі таңда, аудан бойынша 5 мектеп күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бүгінге олардың 3-еуін күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындалып, облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды (Ш.Уәлиханов - 269,4 млн. теңге, Абай - 248,6 млн. теңге, Н.Гоголь - 292,6 млн. теңге).
Ал, Түймекент, Бурыл орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық - сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 9 млн. 398 мың 376 теңге қарастырылды. Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі ағымдағы жылдың тамыз айының соңына шығады деп жоспарлануда.

Спорт саласы
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі жалпы халықтан 29,8% құрап отыр (меже 29,7), бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 1379 адамға ұлғайған.

Мәдениет саласы
Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клубтар, 1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар, 23 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. 2018 жылы шалғай елдімекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында 8 ауылдан ақпараттық орталық, аудандық орталық кітапханадан коворкинг (білім орталығы) орталығы  ашылды. Сонымен қатар,  2019 жылға 8 ауылдан осындай орталықтар ашылуы жоспарланып, оған бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар толығымен алынды. Жоспарланған 8 ақпараттық орталықтың І жартыжылдықта барлығы 8  (Амангелді, Байзақ, Жетібай, Кеңес, Үлгілі, Көктал, Аймантөбе, Тегістік ауылдық кітапханаларында) ашылды.

Тіл саласы бойынша
Басқарма мен аудан әкімдігі арасында аудан бойынша көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің қолданылуы жыл соңына дейін 100 % - ға орындау меже қойылған. ІІ тоқсанға 90% - ға жету жоспарланған. Орындалуына тоқталсақ, 307 нысан зерделеніп, оның 286 нысан заң талаптарына сәйкес болып, 93,1% орындалды. Жыл соңына дейін аудан бойынша елдімекендердегі көшелерді жаңа үлгідегі аншлагтармен 100% қамту жоспарлануда. Ауданда барлығы 441 көше бар, оның 286 көшесі, жаңа үлгідегі аншлагпен қамтылып, 65% құрап отыр. Оған 2 млн. 142 мың теңге жұмсалды.

Жұмыспен қамту
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар санының жоспары 3702 адам. 
Байзақ ауданы бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөнінде өтініш берген азаматтардың саны 2006 адам, оның ішінен аудан мекемелерінде ашылған жаңа және бос жұмыс орындарына 1513 адам жұмыспен қамтылды.
Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 16820 адамы бар 3324 отбасы тұрады, бұл аудан халқының 15,8 пайызын құрайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінген 942599,0 мың теңгенің 940378,4 мың теңгесі немесе 99,7 пайызға игеріліп, 3324 отбасының 16820 адамына тағайындалып төленді.
Тұрғын үй көмегіне бюджеттен бөлінген 1541,0 мың теңгенің 1541,0 мың теңге толық төленіп, 69 отбасының 392 адамына коммуналдық шығындары төленді.
«Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінгені 23191,0 мың теңге, 387 адамға толық төленіп берілді.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 2637,0 мың теңгеге қаржы қаралса, игерілуі 2637,0 мың теңге немесе орындалуы 100 пайызды құрап, 109 отбасының  111  баласына төленді.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінген  49370,0 мың теңгенің  49063,9 мың теңгесі немесе 99,3 пайызы игерілді.

Қылмыспен күресу және оның алдын-алу
Өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда ауданымызда қылмыс саны 175-ті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға немесе 8 дерекке артқан. Оның ішінде қоғамдық орындарда орын алған қылмыс саны 16,7 пайызға төмендеген, көшелерде жасалған қылмыс пен кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс өткен жылғы дерек санымен теңескен, ал бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс саны 176,2  пайызға өскен.
Атқарушы органдардың халық алдындағы ашықтығын, жауаптылығын, есептілігін арттыру бағытындағы жұмыстар
«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» №190 - шы  Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 қаңтары мен 12 ақпаны аралығында аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулері өткізілді.
Жалпы сұрақ-ұсыныстармен 124 адам жүгінді.
Есепті кездесулерде көтерілген мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, 19 мәселе бақылауға алынды. Қазіргі таңда мерзімінде орындалуына байланысты екі мәселе бақылаудан алынып отыр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық және ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарының жұмыс тәртібін жүйелендіру және тиімділігін арттыру мақсатында бекітілген алгоритмге сәйкес 5 ауылдық округтерде тұрғындармен және білім, кәсіпкерлік салалары қызметкерлерімен 2 кездесулер өткізілді.
Кездесулерге 456 адам қатысып, 45 әртүрлі мәселелер көтерілді. Оның 22-і шешіліп, 23-ші бақылауға алынды. Алгоритмге сәйкес жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасын табады.

Обновлено 17.07.2019 12:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін429
mod_vvisit_counterКеше675
mod_vvisit_counterОсы аптада2826
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда8340
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1091877

Серіктестер