Онлайн газет



ЖОЛДАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Шіліңгір шілде басталғалы аудан орталығы мен Бурыл ауылдық округінде облыстық маңызы бар жолдарға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіле бастады. Аудан көшелеріне сән беріп, көлік қозғалысын реттеуде аса маңызға ие бұл жолдардың тозығы жеткен. Осыдан екі апта бұрын басталған жол жөндеу жұмыстары қазір қарқын алған.

Айталық, аудан орталығындағы көлік нөпірі арылмайтын К.Орынқұлов көшесі күні кешеге дейін екі жолақты болып келді. Яғни, бұл көшенің бойымен екі көлік қатарласып жүре алмайды. Оның үстіне ауыр жүк көліктері өзге жүргізушілердің уақытын ұстайды. Ал, айналып өту көлік қақтығысына алып келуі мүмкін. Сондықтан, көшені кеңейту керек. Енді міне, соның куәсі болып отырмыз.
Жауапты мамандардың берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, облыстық маңызы бар “Тараз - Жетібай - Тегістік - Ойық” автожолының 1,7-7 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілген. Жалпы құны 825,6 млн. теңгені құрайтын жобаны іске асыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аталған автожолдың 7-20, 20-40, 40-60 шақырым аралығын орта жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлей келе, 2020-2022 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан облыстық маңызы бар “Тараз - Сарыкемер - Түймекент - Ақшолақ” автожолының 3,4-14,4 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталған. Жобаның құны 2 533,7 млн. теңгені құрайды. 2019-2020 жылдарға жоспарланған жобаны іске асыру “КазДорСтрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Олег Тен басшылық ететін серіктестік жоспарға сәйкес, аталған жолдың 3,8 шақырымын қайта жаңғыртудан өткізу үстінде. Сонымен бірге, автожолдың қалған бөлігі қанағаттанарлық жағдайда болуына байланысты ағымды жөндеу, күтіп - ұстау жұмыстарымен қамтылуда.
Мұндағы басталған жол жөндеу жұмыстары екі жылға жалғасады. Бүгінде тозығы жеткен ескі жолды арнайы ауыр техникалар бұзып жатыр. Жалпы, мұндай жұмыстарды “КазДорСтрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірінші мәрте жасап жатқан жоқ. Аталған мердігер мекеме мамандарының тәжірибесі мол.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 17.07.2019 12:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін34
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1683
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9633
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027665

Серіктестер