Онлайн газет



КЕҢІНЕН АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

Аудандық  ішкі істер бөлімінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Маңызды мәселені қаузаған кездесуде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы Қадіралі Сарыпбек қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі емес діни ағымдардан келетін қауіп жөнінде терең мағыналы баяндама жасады.
Баяндамашы қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында қолға алынған жұмыстарға тоқтала келіп, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Қоғам кеселінің еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығына нұқсан келтіретіндігіне екпін сала отырып, ауданымызда түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын жеткізді. Қоғамның рухани құндылықтарын дамытудың жайын әңгімелеп, «Жусан» операциясының маңызын сөз етті. Елімізге оралған азаматтарға қол үшін беріп, көмектесу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардан қысқаша ақпарат берді.
Сондай-ақ, баяндамашы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның маңыздылығын атап өтіп, Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтаудың өзектілігін әңгімеледі.Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, ішкі істер бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Нұржан Қарақұлов терроризм және діни экстремизммен бірлесіп күрескенде ғана оған тосқауыл қоюға болатындығын жеткізді.
Жүздесу барысында діни таным мен рухани қауіпсіздік, бүгінгі таңда жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлу, олардың тура жол таңдауда жаңылыспауына ықпал ету, діни сауаттылықты арттыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, діни экстремизмнің зиянды тұстары, қазақ халқының ұлттық құндылықтары, зайырлы қоғамда өмір сүру турасындағы ойлар ортаға салынып, жан-жақты пікірлер алмасылды.
Шараға қатысқан учаскелік полиция инспекторлары көкейлерінде жүрген сауалдарына тыңғылықты жауаптар алды.

Сәуле Арғынбаева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дін сектор меңгерушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1331
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7348
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32915
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203645

Серіктестер