Онлайн газет



ЕРКІН ПІКІР АЛМАСТЫ

Өткен аптада әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының бастамасымен «Жамбыл облысы жастары арасында «Біз экстремизмге қарсымыз!» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жастар арасында насихаттауға арналған форум өтті.

Форум шымылдығын модератор  Бауыржан Мурбеков ашып, келген қонақтарды таныстырды. Одан соң сөз алған аудан прокуроры Рустам Әбілхаиров алқалы жиынның жас толқынға беретін пайдасының зор екендігін жеткізді. Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев жастар бойында экстремизм мен терроризмге қарсы төзбеушілік иммунитетін

қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, ең бастысы-тәуелсіздікті тұғырлы ету, ел бірлігін нығайту, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың өзектілігіне екпін салып, форум жұмысына сәттілік тіледі.


Одан ары жиналған қауымның назарына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған бейнеролик  ұсынылды.
Алқалы жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкері, исламтанушы Бауыржан Әлиұлы «Қазақтан жеріндегі Ислам өркениетінің даму тарихы», Алматы қаласындағы орталық мешіттің наиб имамы, исламтану ғылымының магистрі Ермек Көкрекбаев «Жастар және Ислам: өзектілік пен қақтығыс нүктелері», «Һибатулла Ат-Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев «Исламдағы жастар тәрбиесі», «Кеңесхан қажы» мешітінің имамы, дінтанушы Ғазиз Ахметов «Ислам дегеніміз не?» тақырыптарында  баяндамалар жасады.


Баяндамашылар халқымыздың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпымен сабақтасқан ислам құндылықтарына тоқтала келе, ұлтаралық, конфессияаралық татулық, ауызбіршілік ислам дінінің асыл мұраттарымен, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне сәйкес келетіндігін, ислам дінін қабылдаған қазақ халқының бойындағы адамгершілік қасиеттер алдымен Құран және хадис арқылы дамығаны,  адамды қадірлеу, сауапты істер атқару,  ұлттық кодты сақтау, туған жерді көркейтуге үлес қосу, ел игілігіне қызмет ету, жастық шақтың, уақыттың қадірін білудің қажеттілігін мысалдарға сүйене отырып, түсіндірді.
Форумда күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты алуан түрлі пікірлер айтылды. Ең бастысы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның  мақсаты,  жастар бойына заманауи қатерлерге қарсы тұратын иммунитет қалыптастырудың тетіктері  әңгіме арқауына айналды. Толғандырған сауалдарға жауаптар қайтарылып, ұйымдастырушылар тарапынан белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

 

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 19.06.2019 11:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін179
mod_vvisit_counterКеше258
mod_vvisit_counterОсы аптада179
mod_vvisit_counterӨткен аптада2396
mod_vvisit_counterОсы айда8893
mod_vvisit_counterӨткен айда15544
mod_vvisit_counterБәрі1013935

Серіктестер