Онлайн газет



ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХVІІІ сессиясы өткізіліп, оның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Алдымен кезектен тыс сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, «2019 – 2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №38 – 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасап, аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер жөнінде баяндап берді.
Бұдан соң сессияның күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе - "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлованың аудан тұрғындарына беріліп жатқан әлеуметтік көмектің түрлері және мөлшерінің артуына байланысты жоғарыда аталған Қағидаға өзгерістер мен толықтыру қажеттігі туралы баяндамасы тыңдалды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселелер алдын ала талқылаудан өтіп, тиісті ұсыныстар жасалғандықтан, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс, ескертпелер айтылмады.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті сессия қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін166
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6183
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31750
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202480

Серіктестер