Онлайн газет



БАСТЫ БАҒЫТ - ӘЛ-АУҚАТТЫ АРТТЫРУ

Апта соңында, облыс әкімінің өкіміне сәйкес, бекітілген кесте бойынша аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев Көптерек ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында елдімекендердегі әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысып, №3 орта мектепте кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әлеуметтік сала қызметкерлері және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кеңес ауылындағы “Айгүл” бөбекжай-бақшасының тыныс-тіршілігімен танысудан басталған аймақ басшысының жұмыс сапары ауылдық дәрігерлік амбулаторияда жалғасты. Ондағы ауыл тұрғындарының денсаулықтарына байланысты қабылданған шаралар туралы хабардар болды. Жақында пайдалануға берілген мешіттің жағдайына көз жеткізген соң су қабылдау имаратына барды. Жұмыс сапарын №3 орта мектебінің жұмыс барысымен танысудан аяқтады. Қандай да бір әлеуметтік нысанда болмасын аудан әкімі тазалыққа мән беріп, мекеме ғимараттары айналасын абаттандыру, көгеріштендіру керектігін пысықтады.
Рахматілдә Сегізбайұлы жұмыс сапарының соңын №3 орта мектебінде өткен жиынмен қорытындылады. Аталмыш жиында аудан басшысы негізгі бағыт - ауыл тұрғындарының табысы мен әл-ауқатын арттыру екендігін алға тарта отырып, бүгінгі таңда, егін және мал шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Кездесу барысында ауыл әкімі Болысбек Оразов Көптерек ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде 1956 жылы бір орталыққа құрылған Кеңес ауылында екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар екенін, ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған және де алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар, әлеуметтік салалар, салық түсімдері мен жүргізілген сауалнама барысына тоқталды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы “Өңірлерді дамыту - 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған шараларды атап өтіп, Ж.Науатов көшесіне ұзындығы 480 метрге, Ә.Махай көшесіне ұзындығы 335 метрге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.
Кездесуде алғашқы сауалы мен өтінішін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермаханбетов жасады. Онда ауылдық дәрігерлік амбулаторияға қарасты жедел жәрдем көлігінің ескіргені, газдандыру мәселесіне қатысты түйткілдер, шаруа қожалықтың мемлекеттік актісін жаңалау, көршілес Шахан елдімекені бұрылысынан Кеңес ауылына дейінгі төселген жол мәселесі сөз болды. Ал, ауыл тұрғыны Боташ Кенжебаев сүт жинау бағытында жаңа құрылғалы жатқан ауыл шаруашылығы кооперативіне тұрғындардан сүт жинау, оны өткізу жайын қозғаса, қарт ана Несіпкүл Болатбекова қорадағы сауын сиырының қолды болғанына шағымданды.


Еңбек ардагері Бөлебай Танаев ағын су туралы мәселе көтеріп, ауыл ішіне жүргізілген ауыз су құбырларының кемшін тұстарын атады.
Маңызды мәселелер қамтылған кездесуде аудан басшысы Рахматілдә Рахманбердиев  өңірдегі өзекті мәселе – ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, оның артықшылықтары мен тиімділігі, қарапайым заттар экономикасы бағытын жандандыру, жастарды кәсіпкерлікке баулу, жұмыспен қамтуға тарту, жерді тиімді пайдалану жайына ерекше назар аударып, жүргізіліп жатқан сауалнама туралы түсіндірді. Тұрғындар өтініштеріне сала басшылары нақты жауаптар қайтарған соң, кейбір мәселелерге қатысты аудан әкімі бірқатар бөлім басшыларына тапсырма берді. Сондай-ақ, ұстаздар қауымына алдағы Ұлттық бірыңғай тест көрсеткішін төмендетпеу үшін дайындық шараларын пысықтауды ескертті.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 19.06.2019 11:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін174
mod_vvisit_counterКеше258
mod_vvisit_counterОсы аптада174
mod_vvisit_counterӨткен аптада2396
mod_vvisit_counterОсы айда8888
mod_vvisit_counterӨткен айда15544
mod_vvisit_counterБәрі1013930

Серіктестер