Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ-БАЙЛЫҚ

Баға жетпес байлығымыз- бабаларымыздан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған бақыт – бірлігіміз. Құнды қазынамыз - тарих  табыстырып, тағдыр тоғыстырған  халқымыздың бірлігі. Дана халқымыз: “Еркіндік қайда болса – елдік сонда, бірлік қайда болса – ерлік сонда” деп айтқанындай, осының барлығы тәуелсіздігіміздің жемістері.

Қоғамдық келісім, тұрақтылық және бірліктің арқасында Қазақстан өркендеп, дамып келеді. Елбасы Н.Назарбаев халқын бір атаның баласындай татулық пен түсіністікке, тыныштық пен тұрақтылыққа ұйытты. Еуразияның жүрегіне айналған әсем шаһар – Нұр-Сұлтанды тұрғызды. Бүгінде, сан ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.
Бірлік - адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі - береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді”, - деп түйген.
Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея алғаш құрылған күннен бастап бірлігіміздің бастауы, тірлігіміздің арқауы болуда.
Халықтың қуаты-бірлікте. Тұрақтылық – тұғырымыз. Бірлік - баға жетпес басты байлығымыз. Қоғамдағы ұлтаралық  келісім мен саяси тұрақтылық - ең әуелі Отанымыздың  дамуы мен ел тыныштығының кепілі. «Біздің халқымызға ең басты керегі – бірлік, ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылық»,- деп Елбасы  атап көрсеткеніндей, татулықты нығайтуға аудан халқы да өзіндік үлесін қосып келеді.
Бүгінде, ауданымызда бір үйдің баласындай болып, 30-дан аса ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 5 ұлттық-мәдени орталықтар түрлі деңгейдегі шараларға белсене қатысып қана қоймай, өз тараптарынан да шаралар ұйымдастыруды жолға қойған. Ұйымдастырылған шаралар барысында ұлтаралық келісімді нығайту, бірлік пен татулық идеялары мен патриотизмді насихаттауға көп мән беріледі.
«Біздің  еліміздің баға  жетпес байлығы – қоғамдық келісім және халықтардың достығы. Өйткені, Қазақстанның өркениетті қоғам   құру  кезінде қол жеткізген барлық табыстары – ұлтаралық келісім, азаматтар бірлігі және ішкі саяси   тұрақтылықтың жемісі” деп Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, халқымыз түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, әлемдік өркениетке бейбітсүйгіш ел ретінде енді. Тәуелсіз елімізде өзге  ұлт өкілдерінің діні мен салт - дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қазақстандықтарды бір мақсат, бір ниетке жұмылдыруда. Халықтар достығының бесігіне айналған көпұлтты Қазақстанның жолы – тұрақтылық, жаңару, өркендеу.
“Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады”. Басты мақсат - еліміздің бірлігі мен ынтымағын, қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға қызмет жасау - әрқайсымыздың абыройлы борышымыз.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін175
mod_vvisit_counterКеше258
mod_vvisit_counterОсы аптада175
mod_vvisit_counterӨткен аптада2396
mod_vvisit_counterОсы айда8889
mod_vvisit_counterӨткен айда15544
mod_vvisit_counterБәрі1013931

Серіктестер