Онлайн газет



ЛАТЫН ӘЛІПБИІ - ЖАҢА КӨКЖИЕК

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жаһандану, ұлт болып ұйысу жағдайында технологиялық, саяси-идеологиялық жағынан артықшылықтары мен басымдықтарға ие және бәсекеге қабілетті ұлт болу мәселесінде де маңызды болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы — қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» десе, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында 2050 жылға дейін латын әліпбиіне толығымен көшетінімізді мәлімдеген болатын.Ағартушы-педагог, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген.
Латын әліпбиі – көне және халықаралық әліпби. Ол біздің дәуірімізден бұрын VІІ-VІІІ ғасырларда пайда болған. Латын графикасы қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Өйткені, латын графикасымен мектептегі математика, химия, шет тілі пәндері арқылы бұрыннан-ақ таныспыз.
Жалпы ғаламтор жүйесінде латын әліпбиі кеңінен тараған. Өркениетке қол жеткізген әлем елдерінің 80 пайызы латын тілін қолданады екен. Электрондық поштамыз бен автокөлік нөмірлері де латын әріптерімен берілген. Күнделікті пайдаланып жүрген жеке куәлігімізде де, төлқұжатымызда да латын қарпі бар. Тауар маркалары мен құнды қағаздар да осы әріптер таңбалануда. Республикалық «Егемен Қазақстан»  және облыстық «Ақ жол» газеттерінде латын графикасымен берілген мақалаларды еркін оқи алатын болдық.
Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам. Өйткені, латын әліпбиін қолдану түркі және жалпы әлеммен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін қабылданған мұндай шешім күллі әлеммен бірлесе түсуімізге,  жас ұрпақтың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға ықпалы зор, деп білеміз.
Қорыта айтқанда, қай елдің ғылымы озық, технологиясы жетік болса, сол елдің мемлекеттік тілінің қолдану аясы әлемдік деңгейде болатындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Меруерт Мухаммадиева,
аудандық әділет басқармасының мұрағатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін29
mod_vvisit_counterКеше405
mod_vvisit_counterОсы аптада835
mod_vvisit_counterӨткен аптада4274
mod_vvisit_counterОсы айда6935
mod_vvisit_counterӨткен айда13941
mod_vvisit_counterБәрі1072193

Серіктестер