Онлайн газет



ӨЗАРА КҮШ СЫНАСТЫ

Өткен сенбіде, Сарыкемер ауылының орталық стадионында медицина қызметкерлері күніне арналған денсаулық сақтау саласының облыстық спартакиадасының аймақтық жарыстары болып өтті.
Аймақтық жарыстарға Сарысу, Талас, Жуалы, Байзақ және Жамбыл аудандарынан келген денсаулық сақтау саласының мамандары 7 спорт түрінен өзара күш сынасты. Жарыстарды аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстардың қорытындысына сәйкес, жалпы командалық есепте жүлделі үшінші орынды Жамбыл ауданы, екінші орынды Жуалы ауданы иеленсе, бас жүлдені Байзақ ауданы командасы жеңіп алды. Байзақ ауданы мен Жуалы ауданының командалары үстіміздегі жылдың 22 маусымы күні Тараз қаласында өтетін жарыстардың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Мұхтар Шалғынбай.

Обновлено 19.06.2019 11:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін243
mod_vvisit_counterКеше462
mod_vvisit_counterОсы аптада2057
mod_vvisit_counterӨткен аптада3865
mod_vvisit_counterОсы айда16830
mod_vvisit_counterӨткен айда21385
mod_vvisit_counterБәрі1193979

Серіктестер