Онлайн газет



ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ

Байзақ аудандық мәслихаты өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы” Заңының және өзге де нормативтік құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын басшылыққа алып атқарады.

Байзақ аудандық мәслихатының құрамына 2016 жылғы сайлауда сайланған 15 депутат өз өкілеттіктеріне сәйкес жұмыстар атқаруда және бүгінгі күнге дейін олардың құрамына өзгерістер енгізілген жоқ.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы” Заңында “Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны

- сессия болып табылады және онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер қаралады”, - деп көрсетілген. Аталған Заң талаптарын сақтай отырып аудандық мәслихат өзінің жұмыс жоспарын жасап, сессия шешімімен бекітеді және аудандық мәслихаттың шешімдері Қазақстан Республикасының  Заңдарына қайшы келмеуі тиіс.
Аудандық мәслихат аппараты өз жұмысын ауданның атқарушы органдарының, аудандағы қоғамдық ұйымдардың және аудандық Қоғамдық кеңестің жұмыстарымен байланыста жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарып отырады. Аудандық мәслихат хатшысының өкімімен құрылған уақытша комиссиялар сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер зерделеніп, жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар жасалып отырады.
Аудандық мәслихат тарапынан өңірде жақсы жетістіктерге қол жеткізген, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан аудан тұрғындарын марапаттау жұмысы да өз кезегімен атқарылуда. Мәслихат депутаттары арасынан марапаттау комиссиясы құрылып, мекемелер мен кәсіпорындардан еңбеккерлерді марапаттау үшін түскен барлық ұсыныстар мұқият қаралып, лайықты деп танылған азаматтар марапаттауға ұсынылды.
Аудандық мәслихат аппараты сессия, тұрақты комиссиялар мәжілістерінің дайындалуы барысында депутаттарға әдістемелік көмек көрсетіп, қажетті материалдардың жинақталуын, уақтылы көбейтіліп, таратылуын жүзеге асырады. Сессияда талқыланатын мәселелерді дайындау үшін уақытша комиссия құрылып, зерделеу нысандары белгіленеді. Зерделеу қорытындысымен анықтамалар жасалынып, оның негізінде сессия шешімдері дайындалады. Шешімдердің сапалы, мазмұнды болуы, яғни олардың бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес келуі ескеріледі.
Сессиялардан соң аудандық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдері заңдарда белгіленген тәртіппен Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде, аудандық мәслихаттың сайтында және Заң базасында жарияланып отырады.
Аудандық мәслихат хатшысы депутат ретінде сайлаушылардың талап-тілектерін орындауға тиісті үлесін қосуда. Оның негізгісі депутаттармен өткізілетін жұмыстың өз дәрежесінде ұйымдастырылуы. Депутаттар мен аппарат қызметкерлері жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыруда, сессияда қаралатын мәселелерді дайындау мен қабылданатын шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. Депутаттардың біліктілігін арттыру үшін семинар-кеңестер, дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылады. Депутаттарға өздерінің депутаттық міндеттері мен құқықтары, депутаттық сауалдар беру тәртіптері, көпшілік тыңдауларды өткізу мен тұрақты комиссиялардың жұмыс жүргізу тәртіптері туралы әдістемелік көмек беріп отырады.
Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік органдардың интернет порталына қосылып, еліміздің барлық мемлекеттік мекемелерімен осы жүйе арқылы хат алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тек хат алмасу ғана емес, барлық ақпараттарды жеделдетіп алып, мәселені түпкілікті шешуге өз ықпалын тигізуде. Сонымен қатар, жұмыс барысында пайдалану үшін “Е - қызмет” ықпалдастырылған жүйесі, ЕҚАБЖ, МОИП және басқа да жұмысқа қажетті бағдарламалар орнатылған. Мәслихат жұмысының жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың сайты тұрақты жұмыс істейді және аудандық мәслихатта атқарылған жұмыстар «Facebook» әлеуметтік желісінде жүйелі түрде көрініс тауып тұрады. Қызметкерлер үнемі сайтта және «Facebook» әлеуметтік желісінде аудандық мәслихатта атқарылған жұмыстар, өткізілген іс - шаралар, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен өткізілген қоғамдық жұмыстар, аудандық мәслихат сессияларының шешімдері және өзге де хабарландырулар мен жаңалықтарды жүйелі түрде жариялап отырады.
23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні  болып белгіленген.Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

 

Исағали Сәлімбаев,
аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

Обновлено 19.06.2019 11:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1674
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5815
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31382
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202112

Серіктестер