Онлайн газет



ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАҒАН КҮН

Жексенбі, 9 маусым күнге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ауданның барлық отыз тоғыз сайлау учаскелерінде таңертеңгі сағат 7.00-де салтанатты түрде ашылды. Аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.

*    *    *
Сағат тілі 10.00-ге таяғанда, №146 сайлау учаскесінде болдық. Біз келгенше 2534 сайлаушысы бар учаскеде төрт жүзге жуық адам дауыс беріп үлгерген. Аталған сайлау учаскесіне аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев келіп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Сайлаушылармен сұхбаттаспақ ниетпен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаевты әңгімеге тарттық. Қария бүгінгі маңызды күннен шет қалмауды жөн көргенін айтты. «Балаларым мен немерелерімнің жарқын болашағы үшін дауыс бердім», - дейді ол.
Мерекедегідей көңіл-күймен келіп дауыс беріп жатқан жұртшылықтың бюллетень алуына, кабинаға кіріп-шығуына еш кедергі жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бұрынғы сайлаулардан жинаған тәжірибелері бойынша сағат 11.00-ден әрі қарай белсенділік арта түсетінін айтты. Әр сайлаушы алфавиттік тәртіппен өз аты-жөнін тізімнен тауып, сайлау бюллетенін алып, таңдауын жасап жатты.

*    *    *
№1 мектеп-гимназиясының ауласында мерекедегідей әсем әуен шалқиды. Мұнда орналасқан №127 сайлау учаскесінде дауыс беру уақытысында салтанатты жағдайда басталған. Жас сайлаушылар Асылжан Асқаров пен Данагүл Шерметова тұңғыш рет дауыс бергендіктен бұл өміріндегі айтулы кезең екенін айтты. Олар саяси науқанға қатысу арқылы ел болашағына таңдау жасағандарын мақтаныш тұтатындықтарын жеткізді.
- Өздеріңіз көріп тұрғандай, сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Сағат 11.00-ге дейін учаскедегі 2302 сайлаушының 1105-і өздері таңдаған үміткерлеріне дауыстарын беріп үлгерді, - дейді бізбен әңгімесінде учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы, осы мектеп-гимназияның директоры Гульпаш Жаманова. Тәуелсіз бақылаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері дауыс беру барысын қадағалап отырды.

*    *    *
Как и положено, ровно в 7 утра,  избирательный участок №128, который находился в гимназии имени Г.Муратбаева,  открыл свои двери. Голосование началось с исполнения Гимна страны. Затем комиссия, под председательством Наметкулова Мухита Жанузаковича, приступила к своим обязанностям. Также заступил на свой пост, чтобы следить за ходом голосования независимый наблюдатель, представитель  гражданской платформы по мониторингу выборов «Аманат» Жиенгали  Жумагулов.
Музыка, подобающая обстановка – все говорило о торжественности происходящего. На видном месте находился плакат с семью кандидатами в президенты, где все могли ознакомиться, какую партию они представляют. Каждый пришедший мог без всяких препятствий пройти в кабину для голосования и опустить бюллетень в избирательную урну. Агитации или давления  на людей не было, за этим строго следили независимые наблюдатели.
Из протокола следует, что всего на этом избирательном участке должны были проголосовать 2212 человек, в итоге свой голос отдали 2046 избирателей, что составляет 92 процента.
Первому, кто открыл голосование, вручили в подарок картину.  24 человека, кому в этом году исполнилось 18 лет, делали это впервые,  двое из них получили блокнот и картину. Уже к 11 часам отдали свой голос около 40 процентов избирателей. После обеда количество проголосовавших увеличилось. Не обошли вниманием и тех, которые по состоянию здоровья сами не могли прийти на участок – их составило 29 человек, к ним ящики для голосования привезли на дом.
Избирательный участок в этот день также посетили  независимые наблюдатели: представитель от регионального общественного штаба кандидата в президенты Амангельды Таспихов, представители профсоюзного комитета от партии «Нур Отан», НПО «Эко sem» из города Тараз Нурадил Аманкул, которые отметили, что выборы на этом избирательном участке прошли в соответствии с законом.

*    *    *
На избирательном участке №120 в селе Костобе было оживленно. За ходом выборов следила председатель комиссии Тамара Ешеева. Всего на этом  участке должно было проголосовать 1302 избирателя.
Голосование началось в 7 часов. Первой опустила свой бюллетень в избирательную урну Луиза Зулуфова, которая получила в подарок блокнот и ручку. Следом за ней на избирательный участок пришел старейшина села Сагынбек Байсеркеев, которому вручили камзол. Он сказал слова благодарности и выразил надежду, что казахстанцы  сегодня  выберут достойного, который будет руководить  государством на благо народа и процветания страны.
Пришли выполнить свой гражданский долг и  молодые люди, которые достигли совершеннолетия и имеют право голоса. Их оказалось 22 человека. Первым проголосовавшим вручили подарки. Для удобства мамочек, которые явились на выборы с малолетними детьми, был предоставлен специальный  детский уголок с игрушками, красками и карандашами.
Уже к обеду проголосовало почти 50 процентов избирателей.  К инвалидам и людям преклонного возраста избирательную урну доставили по месту их проживания. 8 человек, которые не могли сами прийти на избирательный участок, тоже смогли принять участие в выборах и отдать  свой голос за своего кандидата.  В этот день проголосовало 1199 избирателей.
За ходом происходящего следил независимый наблюдатель, представитель НПО «Эко sem» Нурадил Аманкулов, который не отметил никаких нарушений. Также этот избирательный участок посетили представители США, Германии и Киргизии.

*    *    *
№ 134 сайлау учаскесіне тіркелген 1912 сайлаушының белсенділігі ерекше байқалып тұрды. Бұл учаскеде 22 азамат үйлерінен дауыс берсе, 25 азамат алғаш рет сайлауға қатысты.
Таңғы сағат 7.00-де аталған сайлау учаскесінде еліміздің Гимні орындалғаннан кейін дауыс беру басталды. Ел үшін маңызды шешім қабылдаған тұрғындардың ішінде осы сайлау учаскесіне алғашқы болып келіп, өз таңдауын жасаған Лесбек Бейсалиев болса, 18 жасар Абдубахит Ермеков алғаш рет дауыс беріп үлгерді.
- Бүгін мен үшін айрықша мереке. Өйткені, еліміздің  келешегін шешетін сайлауға алғаш рет қатысып, дауыс бердім. Дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін,-дейді Абдубахит Сәбибекұлы.
Алғашқы дауыс берген сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Тұрғынбеков дауыс беру орнына келе алмайтын қарт кісілер мен науқас жандарға арнайы жәшік пен дауыс беру парағын апару жолға қойылғанын жеткізді.
Сағат тілі 12.00-ді соққанда 810 адам дауыс беріп үлгерді. Сайлаудың заңдылыққа сәйкес өтуін бақылаушылар жіті қадағалап отырды. Жалпы, сайлаушылардың басым бөлігі сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасап, саяси науқанның өту барысында белсенділік танытты.

*    *    *
На избирательных участках №122 и №145 в селе Кызыл жулдыз общее число граждан, имеющих право избирательного голоса, составило – 3 411 человек.
Если брать участок №145, то на нем должны были проголосовать 1 620 человек. Председателем комиссии этого участка была Мадина Сегизбаева.
Участки открылись в  7.00 часов и продолжили свою работу до 20.00 часов. Начались выборы с торжественного исполнения Гимна РК. К этому времени  на избирательный участок  пришли первые избиратели. В их числе был ветеран труда Турсынхан Нурбаев, который поприветствовал всех избирателей и выразил свои наилучшие пожелания и поздравления.
В этот день 36 избирателей, которым исполнилось 18 лет, проголосовали впервые. 4 человека получили подарки – это светильники и часы. Инвалидам и ветеранам (46 человек) в силу их возраста и здоровья переносные ящики для голосования доставили на дом. Одним из избирателей, голосовавших на дому, была ветеран труда Бахтыбаева Шамшукуль, которой исполнилось сто лет. Она поблагодарила тех, кто дал ей возможность выразить свое волеизъявление и сказала: «Я за то, чтобы Казахстан был процветающим государством,  за счастливое будущее своих внуков и правнуков».
К 12 часам на этом участке отдали свой голос 756 человек.
Избирателям никто не препятствовал ни при получении избирательного бюллетеня, ни при посещении избирательной кабины тайного голосования, что и зафиксировали независимые наблюдатели.

*    *    *
№129 сайлау учаскесінде де дауыс беру белсенді жүрді. Таңғы сағат 7.00-де аталған сайлау учаскесінде дәстүрге сәйкес еліміздің Гимні орындалғаннан кейін дауыс беру басталған. Ю.Гагарин атындағы орта мектепте орналасқан аталған сайлау учаскесінің төрағасы Арыстанбек Кайпулдаевтың айтуынша, осында тіркелген электораттың саны - 2057. Комиссия мүшелері дауыс беруге өзгелерден ерте келген, алғашқы рет дауыс бергендерге сый-құрмет көрсетіп, естеліктер тарту еткен.

*    *    *
Бұдан кейін аудандық электр желілерін тарату мекемесінде орналасқан №113 сайлау учаскесіне бардық. Таңдау жасауға деген жұртшылықтың ықыласы жоғары екені анық байқалды. Келушілер үшін оңтайлы қызмет жасалған.
- Өздеріңіз көріп тұрғандай, - дейді сайлау учаскесінің төрағасы Сарсенбай Туребаев - сайлау уақыты басталғаннан бастап жұртшылық үлкен белсенділікпен келіп жатыр. Әзірге ешқандай арыз-шағым тіркелген жоқ. Сайлау барысын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар толық қамтамасыз етілген. Әдеттегідей, ең алдымен келген дауыс беруші жас Дидар Айнақұловқа арнайы сый жасалған. Мұндағы тіркелген 2068 сайлаушының 844-і дауыс беріп үлгерген екен. Мұнда да бақылаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері сайлаудың әділ әрі ашық өтіп жатқанын қадағалады.

*    *    *
2052 сайлаушысы бар №147 сайлау учаскесіне де ат басын бұрдық. Сарыкемер мектеп-гимназиясында орналасқан учаскеге барған уақытта жергілікті жұрттың халықтық шараға белсенділігін байқадық. Сағат 15.00-ге дейін тізімдегі сайлаушылардың 1100-і өз таңдауын жасап үлгеріпті. Алғаш рет өз таңдауын жасаған он сегіз жасар Аяжан Сыдыхан: “Сайлауға қатысу әрбір азаматтың басты міндеті. Еліміздің ертеңгі жарқын болашағы үшін дауыс бердім”, - дейді. Мұнда да немересін жетектеген ата-әжелер, сәбилерін құшақтай келген жас отбасылар да ұйымдасқан түрде сайлауға қатысты.

*    *    *
Сондай-ақ келесі барған №130 сайлау учаскесінде сағат тілі 17.00-ді көрсетсе де, дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылар қарасы мол көрінді. Олар ешқандай ың-шыңсыз, байыппен сайлау бюллетеньдерін алып, сонан кейін кабиналарға кіріп таңдауларын жасап болғаннан кейін оларды урнаға салып шығып кетіп жатыр. Сайлау учаскесіндегі 2163 дауыс берушінің 1673-і таңдау жасап үлгерген.
Осы жерде бес-алты бақылаушылар отырғанын да байқадық. Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Шоқан Мекебаевты әңгімеге тартқанымызда ол сайлаушылардың алды сағат жетіден келіп кезекке тұрғандарын айтты. Алғашқы дауыс берген сайлаушы Диана Алимбаеваға арнайы сыйлық табыс етілген.
- Сайлау мемлекет өміріндегі үлкен саяси оқиға. Сайлаушылар дауыс беру арқылы қоғамға деген қарым-қатынасын білдіреді. Сайлауға қатысу ел тұрғындарының азаматтық борышы, - дейді қарт сайлаушы Сәбит Айтбаев.

P.S. Осылайша, аудан аумағындағы сайлау учаскелерінде сайлауға дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-де аяқталды.
Осы уақыт аралығында №122, №131, №132, №145 сайлау учаскелерінде Америка Құрама Штаттары, Германия және Қырғызстан мемлекеттерінен байқаушылар келді. Олар мұндағы өткізіліп жатқан сайлау барысын қадағалап, сайлаушылардың белсенділігіне жоғары баға берді.
Осы күні “Ақ жол” демократиялық партиясынан - 4, “Nur Otan” партиясынан - 57, “Ұлт тағдыры” қозғалысынан - 17, “Ұлы дала қырандары” қоғамдық бірлестігінен - 1, Кәсіподақтар федерациясынан - 20 сенім білдірген тұлғалар мен «Эко sem» үкіметтік емес ұйымы және “Аманат” азаматтық платформасы өкілдері бақылау жүргізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, аудан бойынша тіркелген 59 556 сайлаушының 54 404-і, яғни, 91,3 пайызы өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасаған.

Гүлшахар ӘБДІҚҰЛОВА,
Мұхтар МАНЕКЕЕВ,
Елена КЕМ,
Гүлжан ТУРСУНХОДЖАЕВА,

Обновлено 12.06.2019 10:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін743
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада743
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12044
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1001993

Серіктестер