Онлайн газет



ЖАҢА АЛЛЕЯ БОЙ КӨТЕРМЕК

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», – деген еді.

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлімсақтан жалғасқан салты. Ол – ұлттық санамыздағы қастерлі ұғым. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Елбасы мақаласы болашақтың бағдарын айқындады, рухани жаңғыру жолын белгіледі. Туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт те естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Өйткені, азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды.
Елбасы мақаласындағы осы бір құнды бағдарлама бүгінгі күнде де өз жалғасын тауып, осы мақсатта түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның нақты бір айғағы - Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында бой көтеріп жатқан аллея құрылысы.
Қазіргі таңда, аудан орталығынан 1988 жылы ашылған Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында аллея құрылысының жұмыстары қызу жүргізілуде. Мұндағы жұмыстарды дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұжымы мен кіші қызметкерлер атқаруда. Аталмыш аллеяға 1988 жылы жаңа ашылған мектептің табалдырығын бірінші болып аттап, сол жылы 1-сыныпқа қабылданған 1982 жылы туылған түлектер демеушілік жасап отыр. Жалпы аумағы 225 шаршы метрге жоспарланған аллея үстіміздегі жылғы наурыз айында мектеп ауласына егілген 60 түп мальва ағаштарының қатарына орналаспақ. Ал, аллеяның сол жақ төріне мектеп-гимназияға есімі берілген тарих ғылымдарының докторы, профессор Нығметулла Күсепұлы Киікбаевтың бюсті орналастырылып, айналасына гүл алаңқайлары жасалып, жан-жағы заманауи жарықтармен безендірілмек. Өздерін білім нәрімен сусындатқан киелі білім ордасының гүлденуіне үлес қосып отырған түлектерге мектеп ұжымы алғыстарын білдіруде. Осынау игі іс-шараның өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 12.06.2019 10:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін729
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада729
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12030
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1001979

Серіктестер