Онлайн газет



ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Қоршаған табиғаттың, яғни, орман, өзен – көл, тау жоталарының сұлулығы адамзатты тәнті етіп келеді. Өкінішке орай, табиғат аясында орын алатын өрттердің салдарынан қоршаған ортаға елеулі зиян келетіндігі ақиқат. Мұндай өрттердің 80 пайызы тұрғындардың еңбек және демалыс орындарында отты, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаудан орын алып жатады.

Орман мен  дала төсінде өрттің туындауына адамдар кінәлі. Көбінесе табиғат аясында демалатындар және еңбек орнында отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Демалыс орындарында, жеміс-жидек жинау кезінде, аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, тағамды дайындау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан, аңшылық кезінде атылған оқ-дәрінің шоғынан қураған шөптер тұтанып, өрт туындайды. Сонымен қатар, демалыс орындарында сынған шыны әйнектердің қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде сынған шыны әйнектер күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп, қураған шөптің тұтануына ықпал етеді. Аталған өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп қана қоймай, соңы қайғылы оқиғаларға ұласады. Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті ауданның барлық тұрғандарына тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт.Сондықтан, адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін кез келген өрттің алдын алу - баршаның міндеті саналады.

Алмас Төлепбергенов,
аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1803
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5944
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31511
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202241

Серіктестер