Онлайн газет



ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі. Қазіргі таңда Елбасының қазақ тілін латын негізді жаңа әліпбиге көшіру жөніндегі тапсырмасы нақты жүзеге асырылуда.

Латын қарпі – болашақтың кілті десек, ал оған көшу еліміз үшін аса маңызды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында “2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс”, - деп қадап айтқан болатын.
Қазіргі уақытта облыс көлемінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты тақырыптық талқылаулар мен маңызды жиындар, түсіндіру-ақпараттандыру шаралары бекітілген жоспарға сәйкес өтуде.
Жақында аудандық оқыту бөлімшесінің ұйытқы болуымен Тегістік, Мырзатай ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын ұйымдастырылды. Онда облыстық Тілдерді оқыту орталығы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Рабиға Сайлаубекова сөз алып, 2025 жылға дейін білім беру мекемелеріне кезең - кезеңмен латын әліпбиі енгізілетіні,  белгіленген кестеге сай, 2020-2023 жылдар аралығында бастауыш сыныптар жаңа қазақ жазбасына көше бастайтыны  туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, латын графикасы әлемде кеңінен тараған әліпбилердің бірі екендігі, латын әліпбиімен құнды мұралар жазылып, алғашқы газеттер осы графикамен жарық көргендігі айтылды. Оның тиімді тұстары түсіндірілді.
Жиын қатысушылары аты-жөндерін, кейбір жекелеген сөздерді латын қаріптерімен жазып көрді.

Алмаш АНТЕЕВА,
облыстық «Тілдерді оқыту орталығының» аудандық бөлімше оқытушысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін632
mod_vvisit_counterКеше557
mod_vvisit_counterОсы аптада2401
mod_vvisit_counterӨткен аптада4030
mod_vvisit_counterОсы айда10898
mod_vvisit_counterӨткен айда16748
mod_vvisit_counterБәрі1045678

Серіктестер