Онлайн газет



ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ - ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Жаһандану дәуірінде көп тілді білу қажеттілік пе? Аудан аумағын мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеру дәрежесі қандай?  Түрі басқа болса да, тілегі бір отандастардың қазақ халқына, мемлекеттік тілге деген құрметі қай дәрежеде?

Міне, осы мәселелер Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен өткен «Тіл – достықтың дәнекері» атты жоба аясында көшпелі отырысында сөз болды.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі Білім орталығында өткен шараға тіл жанашырлары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары, белсенді жастар, БАҚ өкілдері және мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері  қатысты.
Айтулы шарада орыс, румьян, түрік, өзбек, курд, қырғыз  ұлтының өкілдері өздерінің ойларын қазақ тілінде жеткізіп, еркін пікір алмасты. «Кім жылдам?» онлайн байқауында қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпы, қол өнері мен ұлттық тағамдарына қатысты сауалдарға дұрыс әрі жылдам жауап берген түрік ұлтының өкілі жеңімпаз атанып, сыйлықпен марапатталды.
Отырыс барысында сөз алған облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің  маманы Кенжебай Өмірбеков  шараның мақсатына тоқталып, Қазақстанның әрбір азаматы - мемлекеттік тілді білуі азаматтық парызы екендігін жеткізді. ТИГУ-дің «Рухани жаңғыру» орталығының меңгерушісі Бахтияр Арманұлы Абайдың қара сөздеріне сүйене отырып,  қазақ халқының ұлттық құндылықтарының түрлі халықтардың салт-дәстүр, әдет-ғұрпына ұқсас тұстарын әңгімеледі.
Шара соңында өзге ұлт өкілдері қазақ тілін құрмет тұту, көп тілді меңгерудің маңызы туралы ойларымен бөлісті.

Гүлжан Турсунходжаева.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін779
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада779
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12080
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1002029

Серіктестер