Онлайн газет



БІРЛЕСКЕН ІСТЕ БЕРЕКЕ БАР

Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев Сазтерек, Жалғызтөбе, Ынтымақ және Көптерек ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесіп, ел алдында тұрған келелі міндеттерді іске асыру барысын талқылады. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, «Инвесторларға қызмет көрсету» орталығы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», бірқатар бөлім басшылары қатысты.

Алқалы жиында Рахматілдә Сегізбайұлы аудан негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысатындығын атап өтті. Жері шұрайлы да сулы өңіріміздегі елдімекендерден бір-бірден кооперативтер құрудың мүмкіндігі бар екендігін, бірлесіп, бірігіп жұмыс жасаған кезде мемлекет тарапынан берілетін көмектерге қол жеткізе алатындығын баса айтты.
Басты мақсат- тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, тұрмысын жақсарту, халықты жұмыспен қамту болып табылатындығын жеткізді.
Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Нұрдос Тойбаев ағымдағы жылдың бес айында ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жерлерді қайтару және оларды пайдалану тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды атап өтіп, 2018 жылы «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-ы тарапынан аудан бойынша 139 шаруашылықтың 3 706 гектар егістік жерлері игерілмей отырғандығы анықталғандығын жеткізді.
Баяндамашының айтуы бойынша, бүгінгі таңда, жайылым жерлерді зерделеу нәтижесінде жайылым жері бар, бірақ малы жоқ 3054,25 гектар жерді иеленіп отырған 63 жер пайдаланушы анықталған. Осы қожалықтардың 15-іне тексеру жұмыстары жүргізілген. Аудан әкімі аппаратының жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау жөніндегі инспекторы тарапынан жүргізілген тексеріс нәтижесінде 13 шаруа қожалықтарында заң бұзушылық анықталып, оларға тиісті нұсқама беріліп, әкімшілік шара қолданылған. Пайдаланылмаған жерлерге салынатын салықтарды 10 есеге ұлғайту жөнінде мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыныс жолданған. Сондай-ақ, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 795,6 га жер  болатын (434,5 егістік, 361,1 жайылым) 49 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Нұрдос Тұрсынбекұлы тұрғындардың жайылым жерлерге сұранысын қанағаттандыру бағытындағы қолға алынған тірліктерге тоқтала келе, аудан бойынша ұсақталып 5-10 гектар жерді иеленген 1 500 ұсақ шаруа қожалықтары тіркелгендігін мәлімдеді. Жалпы, түсіндіру жұмыстарының арқасында бірігіп жұмыс жасауға ұйғарым жасап отырған шаруалар бар екендігін де жасырмады. Бұдан бөлек ол егін, жылыжай шаруашылығы, тамшылатып суару технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу,  мал шарушылығындағы  жетістіктер, кепілді дизель отынын алу жайы мен «Сыбаға» бағдарламасы аясында тындырылған тірліктерді тілге тиек етті.


Бұдан ары аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрлан Оразымбетов жерді мақсатсыз  пайдаланған, субарендаға берген шаруа қожалықтарына заң аясында тиісті шара қолданылатындығын, яғни, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 38-бабына сәйкес, әкімшілік құқықтық жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
Кездесу барысында шаруалар тарапынан жер құжаттарын заңдастыру, жерді субарендаға беру, жылқы малына берілетін кредиттің мөлшері төңірегінде туындаған сауалдарға тиісті бөлім басшылары нақты жауаптар қайтарды.
Жиынды қорытқан аудан басшысы бірлескен істе береке бар екендігін айтып, ұсақ шаруаларды бірлесе, қауымдаса жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу соңында ондағы көтерілген мәселелерге қатысты тиісті сала орынбасарлары мен аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына және «Казсушар» РМК аудандық бөлімшесінің директорына тапсырмалар жүктелді.

Гүлжан  Турсунходжаева.

Обновлено 10.06.2019 10:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1451
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада3194
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21273
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228659

Серіктестер