Онлайн газет



БАСПАНА БАҚЫТЫ

Ораза айттың бірінші күнінде Тегістік ауылының тұрғыны, 4 қыз бен 1 ұлдың ата-анасы Азамат Күдериев пен Эльмира Әлімқұлова тұрғын үйлі болды.

Көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алып жүрген Алтынбек Жәмішжанов бұл жолы да мәрттігін көрсете білді. Көпбалалы отбасыға әлеуметтік қолдау көрсету үшін өз қаражатына 5 бөлмелі жайды сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бір күнде сегіз рет Тегістік ауылына қатынап, тұрғын үйдің айналасын реттеп, бөлмелерін әктетіп, терезелерді пластикпен, шатырын алмастырған. Ауыз суды үйге кіргізіп, есік алдына

шағал тас төсеткен.
Кәсіпкер Алтынбек Миятұлы көпбалалы ана Эльмира Әлімқұловаға (суретте) Тегістік ауылынан 25 соттық жер телімі бар, ауыз су жүйесі тартылған, 5 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін табыстап, жүрекжарды лебізін білдірді.
- Көне әрі тарлау үйде ата-анаммен бірге 16 жан тұрып жатырмыз. Қайын атам Тұрғынбек  ауған соғысының ардагері болса, енем Алтынай «Күміс алқа» иегері. Жолдасым Азамат ақылы қоғамдық жұмыста. Өзім бала күтіміндемін. Тұңғышым 6 жаста, кішкентайым бір жарымда.  Егіздер Айсана мен Аяна 3-те. Ұлым Батыр 5 жаста. Балалар өскен сайын үйдің тарлығы біліне бастағандықтан, жеке баспанамыз болса екен деп армандайтынмын. Қасиетті Рамазан айында тілегіміз орындалып, Алтынбектей ағаның жомарттығының арқасында  баспаналы болдық. Біз секілді көпбалалы аналарға қамқорлық көрсетіп жатқан Елбасына, қолында қаражаты бар  азаматтарды игілікті іске жұмылдырып жүрген аудан басшысына, қолы ашық кәсіпкер ағамызға мың алғыс,-дейді Эльмира қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап.
Кәсіпкер алдағы уақытта тұрғын үйді көгілдір отынмен қамту, айналасын қоршау сынды тірліктерді атқаруға бел буып отыр. Күдериевтер әулеті атынан сөз алған, 85 жастағы Орынбасар ақсақал шөбересінің үйлі болғандығы үшін Алтынбектің азаматтығына сүйсініп, батасын берді.
Дүниеде адамға ең керегі – қайырымдылық пен мейірім. Осыны жанына ұялата алған жүрек ешқашан қартаймайды. Өйткені, оның айналасына шашқан шапағат нұры өзінің ғана емес, өзгенің де жүрегін жылытып тұрары ақиқат.

 

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 10.06.2019 10:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін781
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада781
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12082
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1002031

Серіктестер