Онлайн газет



8 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған, жандары жаралы, мүгедек жандарды өмір атты тайғақ жолдан құлатпаған кемеңгер, парасатты халық. Қайырымы кең қазақ сынды халықтың әр баласы мен әр ұрпағы көмекке мұқтаж жандарға  қол ұшын беруге дайын тұрған. Бүгінгі күні де ата-бабаларымыз тұла бойына ту еткен бұл асыл қасиетті жалғастырып жүрген ұрпақ аз емес.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әр азаматтың өзiнiң туған жерiне, айналасына жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысуы керектiгiн айтқан болатын.
Рухани жаңғырудың негiздерiнiң бiрi – азаматтардың бойына қайырымдылық қасиеттердi сiңiре бiлу. Турасы, бiреуге жақсылық жасау үшiн бай болу шарт емес. Тек жылы жүрек пен кең пейiл болса жеткiлiктi. Демек, бiреуге қуаныш сыйлағыңыз келсе, ол үшiн ең алдымен жүрегiңiз мейiрiмге толы болуы керек.
Осы орайда, аудан әкімдігі білім бөлімінің тарапынан да қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылып тұрады. Халықаралық балаларды қорғау күнінде аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен сегіз отбасына қайырымдылық көмектер көрсетілді. Шара барысында бөлім қызметкерлері жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға азық - түлік өнімдері мен тұрмыстық техникаларды табыс етті. 
"Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз", - деп ата - бабаларымыз қайырымдылық жасауды біздерге өсиет етіп кеткен. Мұндай ізгі іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Разия СӘБИТБЕКОВА,
аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1106
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7123
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32690
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203420

Серіктестер